Кәсіптің дамуында кедергі болмайды

image.png

Елбасы тапсырмасына сәйкес қолға алынған мемлекеттік «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыру Түркістан қаласында қарқын алған.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің көшпелі отырысы Түркістан қаласында өтті. Онда елдің аумақтық-кеңістікті дамытудың болжамды схемасын әзірлеу мен іске асыру, сондай-ақ индустрияландыру және жаңа технологияларды енгізу аясында ядролық өнеркәсіп саласындағы заманауи технологияларды дамыту мәселелері талқыланды.

Мәжілісті ашқан Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Серік Жақсыбеков көпшілікті еркін пікір алмасуға шақырды.

– Біз сіздердің ұсыныстарыңызды тыңдайық, мәселелеріңізбен танысайық. Сол мәселелерді ел көлемінде шешуге атсалысайық, – деді сенатор.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірдегі кәсіпкерлік саласында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып өтті.

– Бизнестің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді қарауымыз қажет. Бизнес өкілдеріне де керекті кеңестер береміз. Осы жерде тыңдап, тиісінше шешу барысын қараймыз. Бізде 2 миллионға жуық халық тұрады. Оның ішінде 140 800 су-бъект шағын және орта кәсіпте жұмыс істейді. Өсім жақсы. Өнім көлемі де артып келеді. Бизнес өкілдерімен жиі-жиі кездесіп тұрамыз. Елбасымыздың бастамасымен құрылған қарапайым заттар экономикасы облыста тиісті деңгейде іске асуда. Бұл бағытта 220 жоба жинақталды. Жалпы, республикада қарапайым заттар экономикасы бойынша біз көш басында келеміз, – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, инвестициялық өсім мен инновацияға бағытталған жұмыстар бойынша да кең көлемді мәлімет берді.

Жиын барысында қаладағы кәсіпкерлердің жайы мен ауыл шаруашылығындағы мәселелер жан-жақты талқыланды.

 Облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев республикалық бюджетті қарау барысында жаңадан құрылған Түркістан қаласына ерекше назар аударылса деген ұсынысын айтты. Өңірде жүргізіліп жатқан құрылыс пен пайдалануға берілетін ғимараттарды ұстап тұру мәселесіне маңыз беру керектігін жеткізді.

Жиында облыстық мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлер экспортты ұлғайту, бизнесті дамытуға берілетін көмек, жайылымдық жер жайы, субсидия, жеңілдетілген несие беру, мақта шаруашылығы, тарифтерді төмендету секілді мәселелерді сөз етті.

Мәжілісті қорытындылаған сенатор Серік Рыскелдіұлы аз ғана уақытта Түркістан сәулетті қалаға айналғандығын айтты. Ал, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірге келіп, елдің мәселесін тыңдаған сенторларға алғысын білдірді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер