Түркістан ауа-райының жайлылығымен ауыл, мал, егін шаруашылықтарына өте қолайлы өңір болып табылады. Қалада шаруа қожалығын игеріп, егін егіп, мал асырау ата кәсіп. Қазірде бұрынғы экспорттайтын сүт, жем-шөпті жергілікті кәсіпкерлер импорттауға да қауқарлы. Оларға мысал ретінде биылғы "Қосымша заттар экономикасы" бағдарламасы арқылы шаруашылық кәсібін ашып жатқан шағын-орта кәсіп иелерін айтуға болады.
2019 жылғы 8 айда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 290,4 млрд құрады. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда өсім 4,2% болды. Бұл көрсеткіш бойынша өңір еліміз бойынша екінші орында. Мал шаруашылығы өндірісінің көлемі 1,7%-ға артып, 174,6 млрд құрады, егін шаруашылығы – 113,9,3 млрд-қа артты, өсім 9,3% құрады.
Облыстағы барлық шаруашылық санаттарында тірі салмағында 121,3 тонна ет өткізілді, 452,1 тонна сүт, 114,8 млн дана жұмыртқа өндірілді. 2019 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша шаруашылықтардың барлық санаттарында ірі қара мал саны 1 070,1 немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 104,9% құрады, қой мен ешкі саны – 4 812,1 мың бас немесе 101,6%, жылқы – 341,1 мың бас немесе 108,9%, түйе – 30,1 мың бас немесе 107,5%.
Өткен жылы ауыл шаруашылығына 25 млрд теңге бөлініп, 27,5 мыңнан аса ауыл шаруашылығы өндірушілері мемлекеттік қолдауға ие болды. Өткен жылы ауыл шаруашылығы өндірушілерінің 72,1%-на электронды түрдегі мемлекеттік қызметтер көрсетілді. 2017 жылы бұл көрсеткіш небәрі 6,6% деңгейінде болды.
Сонымен қоса, ауыл шаруашылығы өндірушілерін субсидиялау жеңілдетілді. Ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін минералдық тыңайтқыштардың бағасын субсидиялау және өсімдіктерді қорғау мақсатында гербицидтердің, биоагенттердің және биопрепараттардың құнын субсидиялау QOLDAU.KZ ақпараттық жүйесі арқылы беріледі.
АӨК саласында жұмыспен қамтылғандар саны 178,2 мың адамды құрады, еңбек өнімділігі бір жұмысшыға шаққанда 1 140 мың теңге болды немесе өсім 103,4% құрады.
Статистикалық мәліметтер бойынша, еліміздегі жеміс-жидек өндірісінің 40%-ы және жүзім өндірісінің 73%-ы Түркістан облысының үлесіне тиесілі.
Сонымен қатар, тамшылап суару жүйесінің қосымша 7174 га пайдалануға берілді, жалпы аумағы 65 017 га құрады. Республика бойынша үлесі 73% құрады. Осы әдісті енгізудің нәтижесінде су тұтыну 3-4 есеге азайды, ал көкөністер түсімі 3 есеге артты, жемістер түсімі 1,5 есеге, мақта түсімі 2,5 есеге ұлғайды.
Соңғы екі жылда 52 су шаруашылығы жөнделді. Нәтижесінде 45,5 мың га жердің сумен қамтылуы және мелиорациясы жақсарып, 1000 гектар айналымға енгізілді.
Ірі қара мал, қой мен ешкі, жылқы басын өсіру және ет пен сүт өндіру бойынша облыс елімізде алдыңғы қатарлы орында.