Түркістанның жаңа мәртебесі өңірдің инвестициялық және туристік тартымдылығын арттырды. Бұл қоғамның экономикалық және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығының базасы болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік саласының қарқынды дамуына ықпал етті.
Түркістан серпінді дамып келе жатқан кәсіпкерліктің түрлі нысандарын қамтитын қуатты индустрияландыру деп атауға болады. Бұл Қазақстанның оңтүстік өңірінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына арналған тағы бір қуатты тетік.
Қала халқының көбеюіне байланысты, қаірде сатып алынатын нанға деген сұраныс өте жоғары. Осыған орай Түркістанда бірнеше нан зауыттары жұмыс істейді. Солардың бірі «Яссы нан» ЖШС 4,5 мың тонна нан-тоқаш өнімдерін өндіреді. Сонымен қатар, «Ғажайып нан» кәсіпорны жұмыс істейді. Кәсіпорын 540 тоннадан астам өніас өндіреді. Сондай-ақ, Түркістанда 300 тоннадан астам балмұздақ шығаратын серіктестік бар. Бұл кәсіпорындар қазір белсенді жұмыс істеуде.
«Ақжол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өткен жылы қаланың сауда орындарын 833 млн.теңгеге нан-тоқаш, кондитерлік және шұжық өнімдерімен қамтамасыз еткен болатын. Кәсіпорын тәулігіне 28 тонна ұн өнімдерін өндіреді.