Ұлттық тағамдарды дәріптеп жүр

Screenshot_7.jpg

Түркістан қаласына еліміздің өзге аймақтарынан ғана емес, алыс-жақын шетелдерден туристер жиі келеді. Сол себепті ұлттық құндылықтарымызды айқындайтын дүниелердің болғаны абзал. Осыны ескерген Жекеевтер әулеті ұлттық сусынды дәріптейтін қымызхана ашып, берекелі  кәсіптің тұтқасын ұстап отыр. «Уақ» деп аталатын қымызхана толықтай қазақы ою - өрнекпен көмкерілген. Өткен жылы іргетасы қаланған қымызхананың ас мәзірінде, әрине қою қымыз, ұлттық тағамдар мен кәуап, қуырылған балмұздақ сынды түрлі дәмдіні кезіктіре аласыз. Келушілердің сүйікті асына айналған шах-палау мен қуырдақ басты мәзірде. Барлық тағамдар ұлттық нақышта безендірілген ағаш ыдыстармен ұсынылады. 

Облыс орталығымен бірге өркендеп келе жатқан орталықта жастар өмірлік серігіне ұсыныс жасап, тіпті беташар, ұзату сынды салт-дәстүрлерімізді жөн-жоралғысымен өткізіп жатады. «Біз бұл кәсіпке ұзақ жолдан өтіп келдік. Қазір бизнес бастау аса қиынға соқпайды. Дегенмен, халықтың сұранысын дөп басып, табысты еңбек ету екінің бірінің қолынан келе бермейді. Шығатын шығын мен кіретін кірісті дұрыс бағамдай білу керек. Неше түрлі кафе, ресторандар бар, түрлі ұлттың ас мәзірін ұсынады. Тұрғындар мәз болып соны тұтынады. Біз неге өз құндылықтарымызды насихаттамаймыз? Осы ой мені жиі мазалайтын. Сәті түсіп, міне, осы кәсіпті бастадым. Барлығы халыққа қолжетімді бағада. Тағамдар, сусындар, салат түрлері  бәрі бар. Демалысыңызды ерекше аурада өткізетініңізге кепілдік бере аламыз. Бізде барлығы тәртіпке, тиісті  талаптарға сай. Отандастарымыз ғана емес, туристер де көп келетіндіктен артылған жауапкершілік үлкен. Жоғары сапалы қызмет ұсынып, құндылықтарымызды жақсы жағынан дәріптеуіміз керек», - дейді қымызхананың негізін қалаушы Б. Жекеев.

       Орналасу орны қаланың орталығынан алыс болғанымен, келушілер саны күн санап арта түсуде. Ең алдымен көзге түсетін ұлттық бояуы аңқып тұратын ерекше дизайн. Мұны да жергілікті мамандар қожалық басшысының тапсырмасымен арнайы жасаған. Әр деталь ерекше ықыласпен жасалып, бастан-аяқ ойластырылған. Тұтынушылар үшін барлық жайлы  жағдай жасалған. 

Screenshot_9.jpg

Сүт өнімдерінен дайындалатын тағам түрлері көп. Солардың бірі, қымызхана ұжымы ұсынып отырған «ролл балмұздағы», яғни қуырған балмұздақ. Бұл тауарға әлем бойынша сұраныс жоғары, Түркістандық тәтті сүйгіштерге алғашқы болып «Уақ» қымызхана ұжымы ұсынып отыр. Кәсіпкер балмұздақ жасауды арнайы бір айлық курста оқып үйренген. Сол арқылы жоба жасап, мемлекет тарапынан бөлінетін бизнес бастау грантына ие болған. 740 мың теңге көлеміндегі сыйақының 700 мыңы арнайы аппарат алуға кеткен. Қалған қаражатқа балмұздақ дайындауға арналған шикізат сатып алыпты. Қазір бұл іспен мекеме басшысының қызы Құндыз айналысады. Қымызханаға келген қонақтар арасында бұл балмұздақ өте танымал. Тіпті, арнайы іздеп келетіндер де бар екен. Қазақ мәдениетімен танысуды жөн көретін туристер де жиі келеді. Ал, мұндай сәтте кәсіпкерлер ұлттық аспаптарымыз бейнеленген кәдесыйларды тарту етеді. Бұл да болса қазақтың қанына сінген қасиет.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Түркістандықтар «Worldskills Kazakhstan-2019» чемпионатында жүлдегер атанды
  • Ата кәсіпті дәріптейтін ағаш ұстасы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер