Түркістанда марафоншылар 2400 метр қашықтықты бағындырды

Марафоншылар.jpg

Түркістан қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында бұқаралық жүгіру марафоны өтті. Бұл марафонға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, генерал - майор Хаким Көшқалиев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов және Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев бастаған жарысқа 300-ге жуық мемлекеттік қызметкер қатысты.

Марафон Б.Саттарханов даңғылының бойындағы Тікұшақ алаңынан басталып Түркістан қақпасына кіріс қақпасы арқылы «Рәміздер алаңына» дейін жалғасты. Қатысушылар 2400 метр қашықтықты бағындырды.

Марафон мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру арқылы халықты салауатты өмір салтына баулу, Мемлекеттік қызметшілердің отансүйгіштік, патриоттық сезімін ояту.

Мәреге бірінші боп жеткен «Оңтүстікфильм» киностудиясының таспагері Бекзат Мұратұлы «Марафонның үздік спортшысы» атанды. Жарыс қорытындысымен жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен, бағалы сыйлықтар табысталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Түркістандықтар «Worldskills Kazakhstan-2019» чемпионатында жүлдегер атанды
  • Ата кәсіпті дәріптейтін ағаш ұстасы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер