Кесенеде атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді

Screenshot_10.jpg

Түркістан қаласында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі тек Қазақстанның емес, бүкіл әлемнің қызығушылығын оятқан ғимарат десек болады. Бұл ғимарат 7 ғасырдан бері бұзылмай, өз қалпын сақтап тұр. Ғасырдан-ғасырға бұл сапалы салынған ғимарат адамдардың таңданысын тудырып, кесенесің бойындағы сыр мен құпияны ашуға деген құлшынысын тудырып жатыр. Бүгінде кесене маңындағы Күлтөбені археологтар зерттеп, көптеген көне заттар тауып жатыр. Ал, кесене туралы көптеген аңыз-әңгімелер айтылуда. Жалпы, орта ғасырларда салынған кесене Түркістан қаласының әлем алдындағы абыройын асқақтатып паш етіп тұр. Кесене бүгінде ЮНЕСКО-ның қорғауында тұрған жауһар тарихи-мәдени орындар қатарында.

Жақында Түркістан қаласына Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілінің орынбасары Әбдрахманов Асқар Сауытбекұлы келіп, кесененің қазіргі таңдағы ахуалымен танысты. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен оған қарасты сегіз қырлы сағана, үлкен және кіші ақсарай, шығыс моншасы, ортағасырлық Күлтөбе қалашығындағы археологиялық қазба жұмыстары мен цитадель, өзге де мәдени — тарихи орындармен танысып шыққан Асқар Сауытбекұлы қайта жаңарту және қорық-музей аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары кезінде ЮНЕСКО талаптарын қатаң сақтау қажеттігін мәлімдеді. Кесенені аралау барысында ол мұнда атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер