Ордабасылық кәсіпорындар өнімдерін экспортқа шығаруда

Screenshot_10.jpg

Ордабасы ауданында  барлық сала бо­йынша ілгерілеушілік байқалады.  Ауда­нды  басқарып отырған әкім Әліпбек Өсер­баевтың айтуынша, аудан­ды си­паттайтын басты көрсеткіш – жал­пы өңірлік өнім көлемі биылғы қаңтар-қыркүйек айларында 55 млрд 353 млн 500 мың теңге болған немесе былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,2%-ға артқан. Оның ішінде өнеркәсіп саласына 24,1 пайыз (13,3 млрд теңге), ауылшаруашылық саласына 57,1 пайыз (31,6 млрд теңге), орындалған құрылыс жұмыстары 8 пайыз (4,5 млрд теңге), тауар айналымы және қызметтерді өткізу көлеміне 10,8 пайызы (5,9 млрд теңге) тиесілі. Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 456 300 теңге болып, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 55 700 теңгеге артқан. Өнеркәсіп саласында қаңтар-қыркүйек айларында 13 млрд 313 млн 132 мың теңгенiң өнімі өндіріліп, өсім 3,5%-ды құраған. Өнеркәсіптің басым саласы өңдеу өнеркәсібінде 11 млрд 921 млн 456 мың теңгенің өнімі өндірілген. Аудан әкімінің мәлім­деуінше, биылғы 9 айда 8 кә­­сіп­орын жалпы құны 2 млрд 862 млн 800 мың теңге болатын 5804,6 тонна өнімді экспортқа жі­бер­ген. Мысалы, «Ордабасы құс» ЖШС 663,1 тонна күрке тауық етін, «Аделя» шаруа қожалығы 934,7 тонна көкөніс өнімін Ресей­ге, «Ордабасы нан» ЖШС 721,3 тонна өндірілген жоғарғы сұрып­ты бидай ұнының 80%-ын Өзбек­станға, сондай-ақ бірқатар кәсіпорын­дар мақта талшығын Чехия, Бело­рус­сияға экспорттаған. Ал ауданға тар­тыл­ған инвестиция көлемі 14 млрд 955 млн теңге болып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 161,3%-ды құрап отыр. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қаңтар-қыркүйек айларын­да ауыл шаруашылығы жалпы өні­мінің көлемі – 31 млрд 619 млн 900 мың теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5 млрд 770 млн 600 мың теңгеге арт­қан. Мал шаруашылығы саласын дамытудың негізгі көрсеткіштері мал басы мен өнімдерін ұлғайту­ға және асыл тұқымды мал басы­ның үлесін арттыруға бағытталған аудан­да қаңтар-қыркүйек айларында өткен жылдың тиісті кезеңі­мен са­лыстырғанда, ірі қара мал – 110%-ға (72 мың бас), жылқы – 107,5% (24,1 мың бас) қой – 100,1%-ға (361,4 мың), ешкі – 13,4%-ға (15,5 мың) құстың барлық түрлері – 115,2%-ға (560,6 мың бас) өсті. Жыл қорытындысымен ауыл ­шаруашылығы жалпы өнім көле­мін 40 млрд 157 млн теңгеге, ауыл ­шаруа­шылығы негізгі капиталына тартылатын инвестиция көлемін 7 млрд теңгеге жеткізу, жылы­жай көлемін 3,1 гектарға ұлғайту көзделіп отыр. Сондай-ақ биыл Бадам өндірістік аймағында орналасқан «Green Technology industries» ЖШС Шанхай, Гон­конг елдерінің инновациялық тех­ноло­гияларын пайдаланып, полиэтилен бұйымдарын қайта өңдеу арқылы синтепон талшығын өндіру зауытының екінші кезеңін іске қоспақ. Ал 2020 жылы 22 млрд 300 млн теңгеге 2 инвестициялық жоба 415 жұмыс орнымен ашылады деп жоспарлануда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер