Онкологтар Кореяда біліктілік арттырады

Screenshot_18.png

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшылығының шақыруымен өңірге әлемге танымал Корея мемлекетінің Пучон қаласындағы Сунчонхян медициналық орталығының профессоры, онкологиялық әрі халықаралық хирургтар қоғамының ресми мүшесі Ким Хен Чоль келді. Бұл туралы аталған басқарманың баспасөз қызметі хабарлады. 

  Кездесу барысында екі жақты ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Келісімге сәйкес облыстың онколог-дәрігерлері жылына екі рет Корея елінде біліктілік арттыратын болады. Сондай-ақ шетелдік жоғары білікті дәрігерлер жерлес науқас азаматтарымызға өз елдерінде тегін медициналық көмек көрсетпек. Профессор Ким Хен Чольдың медицина саласында жеткен жетістіктері көп. Атап өтер болсақ: Барселона Испан медициналық университетінің бас профессоры, Халықаралық Гепато-панкреато-Биллиарлық қауымдастығының, Азиядағы эндоскопиялық және лапароскопиялық хирургтар қоғамының ресми мүшесі. Жоғары білікті дәрігер өт тас ауруы, өт шығару жолдары, бауыр обыры, ұйқы безі обыры, лапароскопиялық операциялар, сүт безі обыры, эндокринологиялық хирургия, бүйрек және бауыр трансплантациясы сияқты күрделі емдеу мен операцияларын жасайды. Мамандар қатерлі ісіктің осы түрлерін емдеудің және ота жасаудың күрделілігін айтып отыр. Профессор 2011 жылдың маусым айында Кореяда бірінші болып қан құюсыз бауыр трансплантациясы бойынша жоспарланған отаны сәтті өткізген. Профессор Түркістан қаласының Орталық қалалық ауруханасында өткен семинарға да арнайы қатысып, облыс дәрігерлерімен бауыр обырын емдеу бойынша тәжірибесімен бөлісті. Соңынан науқастарды қабылдап, дәрігерлік кеңес берді. Ким Хен Чоль мырза емдеу түрін жетік меңгерген колоректальды обыр немесе тоқ ішек, бауыр ісігі онкологиялық аурулар арасында жиі кездесетін түрлері. Қазіргі таңда барлық дамыған елдерде, оның ішінде Ресейде де өсу қарқыны байқалады. Өкінішке орай дертке шалдыққан науқастардың медициналық көмекке уақытылы жүгінбеуінен, қатерлі ісікті соңғы сатысына жеткенде ота жасап емдеу қиынға соғады. Түркістан облысында қазір бұл аты жаман кеселге душар болған 8000 науқас тіркелген. Дәрігерлер жаман айтпай, жақсы жоқ уақытылы тексеруден және алдын алу шараларынан өтуге шақырады. Қатерлі ісік ауруы - үкім емес. Ерте сатысында айқындалса емдеуге болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер