Мектептегі дау-дамайлар өзара шешіледі

Screenshot_2.jpg

Түркістан қаласында мектеп ішінен медиация кабинеті ашылды. Облыс орталығындағы №18 Жұмабек Еділбаев мектебінде құрылған орталық енді білім ошағында туындаған дау-дамайларды тездетіп шешетін болады. Бұл облыстағы алғашқы медация кабинеті болып табылады.   Облыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қолдауымен құрылған орталықта медиаторлар мен аға буын өкілдері кез-келген істі қарай алады. Медиаторлар – оқушы, мұғалім, ата-ана арасындағы  дауларда  қарсы тараптардың пікірін тыңдап, үшінші жақтан төрелік айтып, жағдайды реттейді. Мұнда  ғаламтор желісі жеткізіліп байланыс құралдары орнатылған. Келешекте медиация кабинеттері өзге де мектептерде ашылуы мүмкін. «Жасөспірімдер қылмысының көбісі балалардың өтпелі шағында орын алады. Сондықтан мектептерде медиация кабинеттерінің ашылуы – қылмыстың алдын алудың тағы бір амалы. Мектеп арасында туындаған мәселелер, мұғалімдер арасындағы дау болсын, балдар арасындағы даулардың бәрін осы мектеп қабырғасындағы медиация кабинетінде шешіледі деп ойлаймын»,- дейді Түркістан облыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қанатбек Қоңырбаев.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер