Латын әліпбиінен сауаттылықтарын арттырды

Screenshot_14.jpg

Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында латын әліпбиіне көшу туралы тапсырма берген болатын.       Осыған орай Түркістанда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы» байқауы өтті. Онда тілдерді оқыту орталықтарынан таңдалған 15 оқытушы қатысып, бақ сынады. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тегін білім беретін ортаның мамандары бүгінгі сайыста бір-бірімен тәжірибе алмасуына мүмкіндік туды.  Үш кезең бойынша бақ сынасып, сынға түсті.

Облыста тілдерді дамыту бойынша 16 орталық жұмыс істейді. Былтыр бұл мекемелерде  8800-ге жуық азамат үш тілде білім алды. Ал, 2019 жылдың соңғы бес айында 3800-ге тұрғын  үш тілді үйренуге ниет білдірген. Бүгінде Түркістан облысында мемлекеттік тілді меңгергендер үлесі 93%, орыс тілін үйренгендер 63%-ды құраса, ағылшын тілін 15% азамат меңгерген. Бұл көрсеткішке тілдерді оқыту орталығының қосқан үлесі мол.  «Тілдерді оқыту орталықтары қазіргі таңда кеңінен насихатталып жатыр. Бүгінгі таңда латын харпін толық меңгеру үшін мамандарымыз 72 сағат оқу курсынан өтуде»,- дейді Түркістан облыстық тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұргүл Жақсылықова. 

       Бұл шараның негізі мақсаты ұстаздарды латын графикасына негізделген қазақ тілінің жаңашыл әдіс-тәсілдерін меңгеру. Тәжірибе алмасуына жағдай жасау дейді ұйымдастырушылар. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандықтар «Worldskills Kazakhstan-2019» чемпионатында жүлдегер атанды
  • Ата кәсіпті дәріптейтін ағаш ұстасы
  • Түркістанда іскер әйелдер форумы өтті
  • Рашид Аюпов: «Жастардың идеяларын қолдауға барынша жағдай жасау керек»
  • Дүкендер ашылып, 40 адам жұмыспен қамтылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер