Әже тәрбиесі ең үлкен мектеп

Screenshot_10.jpg

Тәрбие – жастарды шыңдап, дұрыс бағытқа түсуіне жола ашатын негізгі құрал. Әсіресе қыз балаға, келінге дұрыс тәрбие беру – білімді де парасатты, иманды ұрпақтың дүниеге келуіне сеп болады. Осы ұстанымды ұстанған бәйдібектік әжелер жас келіндердің басын қосып, ақыл-өсиеттерін айтты. «Отанға сүйіспеншілік отбасынан басталады» атты тақырыпта өткен кездесуді «Домалақ ана» қоғамдық бірлестігінің мүшелері «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырды.

Сонымен қатар, ауданда аталмыш қоғамдық бірлестік төрайымының орынбасары Құрманқұл Қосуахова мен аудандық орталық кітапхана басшысы Айгүл Молдабекованың бастамасымен «Отбасы – Отанның ошағы» атты тақырыпта акция өткізілді. Акцияға Шаян ауылдық әжелер алқасының төрайымы Әтір Әлиева мен мүшелері Фатима Керімбекова, Сайлаукүл Андақұлова, зейнеткер ұстаз, Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері, көп балалы ана Айсұлу Әбубәкірова үлкен үлес қосты. 

«Ырысы мол, өрісі кең тәрбие – отбасынан басталар» атты тақырыптағы семинардың да жас отбасыларға берері көп болды. Онда үлгілі отбасы мүшелері «Кеусен»,  «Бармағын жаласын», «Мойнына бұршақ салу» «Қап қағар» секілді ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлерді қайта жаңғыртты.  

Жиын соңында қатысушылар «Отбасы – Отанның ошағы» атты тақырыптағы кітап көрмесін тамашалады.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер