Әлеуметтік сауда кешені ашылды

Screenshot_18.jpg

Нарықтық заманда бағаны ұстап тұру қиын. Қымбатшылық әсіресе тұрмысы төмен отбасыларға қиындық тудыруда. Осы орайда  Мақтаарал ауданының Атакент кентінде отбасылық әлеуметтік сауда кешені ашылды. Кешеннің негізгі мақсаты – тұрмысы төмен және аз қамтамасыз етілген отбасыларына қолжетімді баға қалыптастырып, қолдау көрсету. Сауда орынының тұсауакесер рәсіміне аудан әкімі Бақыт Асановтың өзі қатысып, жалпақ жұртты құттықтады. "Аудан тұрғындарының қамы үшін сауда нарығында бағаны тұрақтандыру - басты міндеттеріміздің бірі. Бұл орайда ауданымызда ашылып жатқан әлеуметтік дүкендер мен осындай үлкен сауда кешендері бағаны тұрақтандыруға өз септігін тиігізіп келеді. Сондықтан, жаңадан ашылған кешендегі тауар бағаларын мен өзім жеке қадағалайтын боламын" - деді Бақыт Насырханұлы.

Әлеуметтік сауда кешенінде тауар айналымы 45-50 миллион теңгені құрайды. Барлық жастағы адамдар үшін киім-кешектер, аяқ-киімдер, балаларға арналған ойыншытар т.б. тауарлар мен өнімдер жеңілдетілген бағамен сатылады.

Аудан басшысы жаңа нысанның лентасын қиып, жұмыс барысымен танысты. Нысан түгелдей заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Шілденің ыстығы мұнда әсер ете алмайды. Сонымен қатар, сауда кешені тұрғындардың еңбекке тартылуына да жол ашты. Қазірдің өзінде нысанда 25 адам жұмысқа орналасып үлгерген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер