«Фольклордың қай туындысын алсақта ғибрат айтарлық , жөн-жоба мен үлгі-өнеге көрсетерлік қасиеті мол. Мұның бəрі де халық пікірі, келешек ұрпақты тəрбиелеудің эстетикалық құралы деп тануды қажет етеді. Өйткені, көркемдіктен лəззат алу, əсемдік пен сұлулықты ардақтау, озық мəдениетке бастап, жамандықтан жирендіріп отыру- халықтың талап-талғамының жемісі, сыншылдық көзқарасының нышандары»,- деп жазушы Т.Кəкішов фольклор жанрларының жастар тəрбиесіндегі маңызын ашып көрсеткен болатын. Расында да ұлттық музыка нағыз тәрбие көзі. Оны жастарға насихаттау кемел келешектің белгісі.
Ұлттық фольклорлық өнерді дамытып, насихаттауда төле биліктер белсенділік танытып келеді. Жақында Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Тасарық ауылдық клубында «Халық қолөнері мен фольклорын дамыту, насихаттау» атты жылжымалы семинар – кеңес өтті.
Семинар кеңестің бағдарламасына сәйкес Тасарық ауылдық клубының меңгерушісі 2019 жылдың 6 айында атқарған жұмысы және алға қойған мақсаттары жайында баяндама жасап, клуб жанынан құралған үйірме жұмыстарынан шағын концерттік бағдарлама ұсынды.
«Жастар ұлттық өнерге сусындауы тиіс» деген мамандар семинар кеңесте ойларын ортаға салды. Мәдениет үйінің әдіскері Д.Бейсетаев пен Жамбыл ауылдық клубының меңгерушісі А.Жалбиева қысқаша баяндама жасаса, еркін сұхбат барысында ауылдық мәдениет ошақтары мен аудандық мәдениет қызметкерлері тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, жиын қорытындыланды.