Сал ауруы – балалар мен жасөспірімдер арасында кездесетін жұқпалы ауру. Полиомиелит полиовирустың әсерінен болады. Жұқпа бірінші кезекте орталық жүйке жүйесін және жұлын ми сұйықтығын зақымдап, салдануға (паралич) әкеліп соқтырады. Салдану түрі мидың функционалдық құрылымдарының қайтып қалпына келмейтіндей зақымдалуымен, яғни мүгедектікпен, тіпті өлім жағдайымен аяқталады.
Аурудың клиникалық көрінісі дене қызуының көтерілуі, іштің өтуі, ауырсыну, тыныс мүшелерінің қабынуымен сипатталады. Белі ауырып, аяқтары тартылады, 5-7 күннен кейін бір жақты және екі жақты паралич байқалып, жұтыну қабілеті бұзылып, қан қысымы көтеріліп, ентігу пайда болады. Сал ауруының бір ерекшелігі жүйке жүйесіндегі өзгерістер ерте байқалады, аурудың бас кезінде ақ жұлын миының қабығында, сұрғылт және ақ заттарда, жұлын ганглияларында, онан соң орта аралық, сопақша мида және ми қыртысында өзгерістер болады. Мидың сұр затына қан құйылады. Жұлын миының алдыңғы мүйізшесіндегі ең жиірек белдік бөлімінде одан кейін мойын және көкірек бөлімінде және сопақша мидағы клеткалар зақымдалады. Сол себепті жиі аяқтың салдануы болады. Сосын қолдың салдануы. Жүйке жүйесінде вирус тек қана 1-2 күн сақталады.
Ауру сырқат адам мен дені сау вирус тасымалдаушылардан жұғады. Ауру адам алғашқы 2-5 күні және бірінші 2 аптада өте жұқпалы болып келеді. Сал ауруы жаз, күз айларында жиеленгенімен, ол жыл бойы кездесе береді. Көбнесе 1-4 жас арасында балалар ауырады. Сыртта вирус көп сақталынбайды.
Сал ауруының қосымша қауіпті факторларына мыналар жатады:
- полиомиелит эндемиялық немесе кең таралған жерлерге саяхаттап келгендер;
- полиомиелит жұқтырған адаммен бірге тұру;
- иммундық жүйенің әлсіздігі;
- тірі полиовирус сақталатын зертханада жұмыс істеу.
Сал ауруының алдын алудың басты жолы – екпе алу. Полиомиелитпен күресу үшін екі вакцина бар:
- белсенді емес полиовирус (IPV);
- полиомиелитке қарсы вакцина (ОПВ).
IPV инъекциялар сериясынан тұрады, олар туылғаннан кейін 2 айдан кейін басталады және бала 4 жастан 6 жасқа дейін жалғасады. Вакцинаның бұл нұсқасы АҚШ-тағы балалардың көпшілігінде ұсынылады. Вакцина белсенді емес полиовирустың көмегімен жасалады. Бұл өте қауіпсіз және тиімді және полиомиелитке себеп болмайды.
ОПВ полиовирустың әлсіреген түрінен құрылады. Бұл нұсқа көптеген елдерде таңдалған вакцина болып табылады, өйткені оның бағасы төмен, басқаруға оңай және иммунитеттің керемет деңгейін береді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес сал ауруына қарсы екпені 2 ай, 3 ай, 4 ай, 12-15 ай және 18 айында жасалынады.
Ә.МАХАДИЛОВА,
Әл-Фараби аудандық СЭББ бас маманы