Агенттік төрағасы Түркістан қалалық орталық емхана қызметін жоғары деңгейде бағалады

57b8e229-8cec-48e7-aee5-c17577609dc6.jpg

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевпен бірге бірқатар нысандарды аралап шықты. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың үйлестіруімен елімізде цифрландыру жүйесінде үздік деп танылған Түркістан қалалық орталық емхананың жаңа технологияларымен танысты. Аталған емханада цифровизацияның алдыңғы қатардағы жаңартуларды: инфокиоск, куаркод, онлайн  хабарлау, колл центр, тікелей Кмис - ке қосылған терминал, автодозвон, ПУШ және  науқастарға смс- хабарлама жеткізу ісі мен  тіркеу орынын аз уақыт ішінде күрделі өзгерістерге және жаңартулар орын алды. Шпекбаев мырза емхана қызметін Нұр-Сұлтан қаласындағы медицина мекемелеріндегі заманауи технологиямен жабдықталуымен салыстыра отырып, жоғары бағасын берді. 

Түркістан қалалық орталық емханасының тіркеу орнында Елбасының талабына сәйкес "Адалдық алаңы" мен әлеуметтік қызмет көрсету орындары ашылды. Онда КР Денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығына сәйкес мүмкіндігі шектеулі  жандарға әлеуметтік қолдау көрсетілуде.Триаж жүйесі ашылып халыққа қызмет көрсетілуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Листериоз туралы нені білу керек?
  • Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әрбір азаматтың басты міндеті!
  • Абайлаңыз Құтыру!
  • Емдеу мекемелеріне қойылатын талаптар
  • Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай күрделі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер