Түркістан дәрігерлері өңеш тамырларына тұңғыш рет тілмей ота жасады

ота-1.jpg

Түркістан қалалық орталық ауруханасында өңеш қан тамырларына алғаш рет ота жасалды. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпараттық агенттігі Қоғамдық денсаулық басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Өңештегі қан тамырларының жарылуынан науқастарда өміріне аса қауіп төндіретін қан кету процесі туындайды. Бұл негізінен бауыр циррозы кезінде жиі кездесетін қауіп-қатер. Медицинада бүгінде өңештен қан кетудің алдын алуда тиімді ем ретінде эндоскопиялық ота түрі қолданылып жүр. Түркістан қалалық ауруханасында екі күн бойы осындай ота 6 науқасқа жасалды.

Түркістан облысында «Кадр біліктілігін арттыру және қайта даярлау» бағдарламасы өз жемісін беруде. Түркістан облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың бастамасымен былтыр өңірде 2000-ға жуық маман біліктіліп арттырып, олардың ішінде 200-ден астам дәрігер Ресейдің Новосибирск қаласы мен  Туркия мемлекетінде білімдерін жетілдірген болатын. Бүгінде сол дәрігерлер алған білімдерінің арқасында өңірде жаңа емдік ота түрлерін жасап, талай науқасқа көмектерін тигізуде

– Жоғары білікті эндоскопист-дәрігерлермен тәжірибе алмасудың арқасында бұндай ота түрін  жасауды жетік меңгердім. Ауруханамызда заманауи медициналық құрал-жабдықтар да орнатылды. Халыққа сапалы әрі тиімді ем көрсетуіміз үшін барлық жағдай жасалынып отыр. Алдағы уақытта жерлестерім үшін аянбай еңбек етемін, – дейді Ресейде және Ұлттық ғылыми хирургия орталығында біліктілігін арттырған Түркістан қалалық ауруханасының эндоскопист-дәрігері Бекжан Асибеков.

ота.jpg

Түркістандық дәрігерлер отаны «А.Н.Сызғанов атындағы  Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ-ның клиникалық физиология және эндоскопия бөлімінің меңгерушісі Ерлан Абдрашевтың жетекшілік етуімен жасады. Жоғары білікті маман жергілікті әріптестерімен тәжірибе алмасып, шеберлік сабағын тіпті онлайн режимде өткізді. 

Облыс бойынша жалпы бауыр циррозына шалдыққан 600-ге жуық науқас тіркелген. Дәрігерлер оларға диета сақтап, тиісті дәрі-дәрмектерін жүйелі түрде қабылдауға кеңес береді.

Өңірде мамандардың біліктілігімен қатар клиникалық диагностикалық зертханалық қызметтер сапасын жақсарту, құрал-жабдықты және медициналық мақсаттағы бұйымдарды жетілдіру мәселелері де басты назарда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Листериоз туралы нені білу керек?
  • Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әрбір азаматтың басты міндеті!
  • Абайлаңыз Құтыру!
  • Емдеу мекемелеріне қойылатын талаптар
  • Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай күрделі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер