Қазақстанда коронавирустан емдейтін үш аурухана салынады

квиаурухана.jpg

Қазақстанда карантиндік типтегі үш медициналық кешен салынады. Бұған 14,8 миллиард теңге бөлу көзделіп отыр. Бұл туралы Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов мәлімдеді.

– Карантиндік типтегі үш медициналық модульдық кешен құрылысына 14,8 миллиард теңге қарастырылған, – деді Шолпанқұлов онлайн-брифингте.

Сонымен қатар, 19,5 миллиард теңге коронавирус жұқтырған және жұқтыруы мүмкін пациенттерді емдеп жатқан медициналық ұйымдарға медициналық қызметті төлеуге жұмсалады.

40,6 миллиард теңге коронавируске күреске тартылған медицина қызметкерлерін ынталандыруға бағытталған.

Жалпы, президенттің тапсырмасымен 2020 жылға арналған бюджетті нақтылау аясында эпидемияға қарсы шараларға қосымша 125,2 миллиард теңге бөлінбек.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Листериоз туралы нені білу керек?
  • Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әрбір азаматтың басты міндеті!
  • Абайлаңыз Құтыру!
  • Емдеу мекемелеріне қойылатын талаптар
  • Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай күрделі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер