Түркістанда ерекше стильде көшелер мен үйлер салынады

Screenshot_1.jpg

Бүгін Түркістанда өткен өңірдегі іскер азаматтармен жиын өтті. Жиында жаңа облыс орталығы Түркістанды көркейту мәселесі талқыланды. Мұнда өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы: 

Түркістан қаласының туристік әлеуеті өте жоғары. Өткен жылы 1 миллионнан астам турист келген болса алдағы уақытта олардың санын көбейту көзделіп отыр. Осы мақсатта қалаға жаңа әуежай, темір жол вокзалы мен автовокзал, сервистік қызмет көрсететін әлеуметтік мәдени нысандар салып, оларға қажетті инженерлік инфрақұрылымды жүргізу жоспарлануда. Атап айтар болсам, Жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында әкімшілік ғимараты, басқармалара мен департаменттер үйі, драма театры, конгресс-холл, филармония, кітапхана, мәдениет сарайы, 500 орындық мешіт, спорт кешені, стадион, жүзу бассейні, Назарбаев зияткерлік мектебі, саябақтар, көпқабатты тұрғын үйлер, мектептер, бала-бақшалар, көрме орталығы, мұражай, опера және балет театры, ассамблея ғимараты, денсаулық сақтау нысандары және т.б. әлеуметтік-мәдени нысандар құрылыстары мен оларға қажетті инфрақұрылымдар жүргізуіміз қажет, - деді.  

Және ол жаңа облыс орталығының дамуына қатысты қызықты ұсыныстар білдірді. Облыс әкімінің айтуынша, қалада үйлер 5 қабаттан аспайды, көшелер тар болады. Не себепті тар болады? Бұндай жағдайда қалада көлік кептелісі көбеймей ме?!. Міне, мәселе қайда жатыр. Ж.Түймебаевтың айтуынша, көшенің ені қысқа болса, ғимараттар бір-біріне көлеңке түсіріп тұрады. Дәл Еуропа елдеріндегідей. Нәтижесінде, асфальт еріп, буланбайды. Жүргізушілер азайып, жаяу жүргіншілер көбейеді. Осылайша кептеліс деген анау айтқандай мәселе тудырмайды. Егер көше қаншалықты кең болса, күн шақырайып қала тұрғындары мен туристерге соншалықты ыңғайсыздық тудыратынын айтты.  

Алдағы уақытта Түркістан қаласында үйлер көне Шығыс стилінде салынады. Сонымен қатар, көне Батыс стиліндегі тар көшелерді көріп қалуымыз да ғажап емес. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер