Түркістандық ғалым саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарға қатысты тың деректі анықтады

image.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеуінде: «Тәуелсіздік таңы атқаннан кейін біз арыстарымызды ақтауға кірістік. Кезінде жазықсыз жазаланған мыңдаған азаматтың есімін ел жадында жаңғырттық. 2020 жылы  қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін Мемлекеттік комиссия құрылды. Комиссия солақай саясаттан жапа шеккен қазақстандықтарға қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіруге тиіс. Бұл – мемлекеттің ғана міндеті емес, бүкіл қоғамның парызы. Төл шежіреміздегі қайғылы кезеңдерді ұлттық бірегейлігімізден бөле-жара қарау мүмкін емес. Сондықтан, біз саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етіп, есімдерін мәңгі есте сақтаймыз. Тарихтан тағылым алып, мұндай тауқымет ешқашан қайталанбауы үшін бәрін жасайтын боламыз»,- деп атап өтен болатын.

Солақай саясаттың кесірінен жазықсыз жапа шеккен боздақтарды анықтау мен ақтау жұмыстарына түркістандық ғалымдар да ат салысуда. 

«Сталиндік қуғын-сүргіннің бұрын белгісіз болған тағы бір фактілерінің беті ашылды» дейді түркістандық профессор Досай Кенжетай. Біз білетін 1937-38-і жылдан бұрын Түркістандықтарды Ұлыбритания тыңшысы деп айыптап, өлім жазасына кесу және тура Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің алдында молдаларды өлтіру деректері анықталды.

2020 жылдың 24 қарашасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен жұмыс топтары құрылды. Олар осы уақытқа дейін ақталмаған адамдардың мәселесімен айналысты. Осы мақсатта Кеңес Одағының құпия ұстап келген мұрағат құжаттары ашылды. Теолог Досай Кенжетай дін насихаттағаны үшін қудаланған адамдардың өмірін зерттеуді қолға алыпты. Мәселен, сол кезде оларға – Ұлыбританияның тыңшысы деген жалған айып тағылған екен.

Шетелдік арандатушылар мен тыңшылардың арбауына ерді деген айып қарапайым халыққа да тағылғаны жасырын емес. Мәселен, Қазақ тарихындағы ең қаралы зұлмат – ашаршылықтың алғышарты болған ұжымдастыруға қарсы көтеріліс ұйымдастырушыларына осындай айып тағылған еді. Дәл сол кез имамдарға қарсы күрестің шырқау шегі болып саналады. Сондай жан түршіктірерлік оқиға Түркістанның өзінде де болыпты. 

Досай Кенжетайдың айтуынша, елімізде қалған мұрағат құжаттары толық тарихи фактілердің бетін ашу үшін жеткіліксіз. Шындықты толық білу бірнеше жылға созылатын зерттеу жұмыстарын талап етеді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер