Нашақорлықпен нәтижелі күрес жүргізілуде

 ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан – 2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Жолдауында:

«Салауатты өмiр салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесiмен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есiрткiлердi, темекi мен алкогольдi тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с.с. бағытталған. Есiрткi - өте ерекше және түпке жететiн сала, сондықтан бұл жерде адамгершiлiк принциптерiнiң қандай дәрежеде қолданылуы үлкен мәселе. Таразының бiр басында оны әкелiп, тарататын адамның өмiрi тұрса, екiншi басында соның "көмегiмен" қор болған есiрткi тұтынушылардың ғұмыры тұр,- деп атап өтіп, есірткі бизнесімен күресу керектігін және нашақорлықтың алдын алу шараларын күшейту керектігін тапсырған болатын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Қазақстан халқына Жолдауында есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретінін атап өткен еді. Елімізде осы бағытта «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу шараларын жетілдіру жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жол картасы» бекітілген. Алдын алу – нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жүйесіндегі ең басты элемент. Күш біріктірудің арқасында біз өскелең ұрпаққа оң ықпал етіп, салауатты болашақты қамтамасыз ететініміз анық. 

 Түркістан қаласында аталған тапсырмалар бойынша ауқымды шаралар атқарылуда. Әсіресе жауапты мамандар жастар арасындағы нашақорлықпен күрес, оның алдын алу үүшін насихат жұмыстарын үнемі жүргізіп келеді.

Айталық бүгін облыс орталығында мектеп оқушылары мен мамандарының қатысуымен "Кел талқылайық!" атты семинар-тренингі өтті. «Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес» мақсатында өткен трениг жастар арасында синтетикалық есірткі заттарының белең алуының алдын алуға бағытталды.

"Халықаралық есірткіге және нашақорлықа қарсы күрес күні" аясында өткен шараға Түркістан облысы әкімінің аппараты мемлекеттік құқықтық бөлімінің бас маманы Ләззат Ибадуллақызы, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Жандос Маханбетұлы, Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы, Түркістан облысы «Қоғамдық денсаулық басқармасы» облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Дәметкен Алмаханқызы және психолог мамандар, ұстаздар мен оқушылар қатысты. 

- "Есірткісіз қоғам құру – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет. Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні бәріңізге белгілі. Осыған орай мектептерде есірткіге қатысты түрлі іс-шаралар көптеп өткізілуде. Жасөспірімдерге есірткінің зияны туралы айтылатын пайдалы жиындарды өткізу арқылы олардың есірткіге тәуелді болмау жолдарының алдын алуға болады. Бүгінде қалалық білім ошақтарында түрлі семинар, дәрістермен дөңгелек үстел, сондай-ақ ата-аналардың қатысуымен түрлі шаралар ұйымдастыру дәстүрге айналған. Біз күш біріктірудің арқасында өскелең ұрпаққа оң ықпал етіп, салауатты болашақты қамтамасыз ететінімізге сенімдімін!",- деді өз сөзінде Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова.

Семинар-тренинг ашық пікір алмасу бағытында өтті. Қатысушылар есірткі бизнесіне қарсы күрес жүргізу тақырыптарында бірқатар ұсыныстар айтып, оның алдын-алу шараларын күшейтуді қолға алу керек екенін тілге тиек етті. 

Айта кетейік, есірткі мен нашақорлыққа қарсы алдын-алу жұмыстарын атқару, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу, еліміздің болашағы - жастарды нашақорлық індетінен аластату барлық мүдделі органдардың міндеті.

Есірткі бизнесімен және нашақорлықпен күрес жүргізу тек қана құқық қорғау органдарының ісі деп қаралмауы керек, ол жалпы халықтың міндеті болып саналуы тиіс. Нашақорлықтың алдын алу үшін бұл іске барлық мемлекеттік органдарын, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдарын белсенді тарту – онымен күрестің алғы шарттарының бірі. Қазақстанның күрделі геосаяси аймақта орналасуы, халықаралық лаңкестіктіктің күшеюі қылмыстың өсуіне кері әсерін тигізуде. Баршамызға белгілі, негізгі себеп болып отырған ортақ мәселе – ол нашақорлықтың алдын-алу және есірткі бизнесіне қарсы күресті жүргізу. Профилактикалық жұмыстарды белсенді жүзеге асыру, нашақорлар санының кемуіне, есірткіге деген сұраныстың азаюына, осы дертке қарсы күрестің басқа да әдістерімен қатар айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндіктер береді.

Басқа елдермен тереземізді теңестіреміз, алдыңғы қатарлы елдер сапынан табыламыз десек жастарды салауатты өмір салты дағдысы қалыптасқан, рухы биік, жан дүниесі таза, адамгершілігі мол, білімді азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер