Былтыр Түркітілдес мемле¬кет¬те𬬬дің ынтымақтас¬тық ке¬ңе¬сі¬нің бейресми сам¬митінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:
-Біздің мақсатымыз – түркі әлемін XXI ғасырда маңызды экономикалық және мәдени-гу¬ма¬нитарлық кеңістіктің бірі¬не айналдыру. Түркі өрке¬ниетін жаңғыртуды, ең алды¬мен, Ясауи мұрасы мен қасиет¬ті Түркістанды әлемге танытудан бастауға шақырамыз. Сол себепті бүгінгі саммит «Түр¬кі¬стан – түркі әлемінің ру¬ха¬ни астанасы» деп аталып отыр. Түркістан қаласы түбегейлі өзгеріп, жаңа келбетке ие болды, – деген болатын.
Бүгінде жаңа келбетке ие болған Түркістанда көптеген нысандар пайдалануға берілді. Солардың бірі «Тұңғыш Президент» саябағында тұрғындар мен қала қонақтарының тынығуына қолайлы жағдай жасалған. Жалпы аумағы 40 гектарға жуық жерде орналасқан. Бұрын бұл жер бос алқап болған. Мұндағы жасанды көлдің сыйымдылығы 100 мың текше метрге жуық. Тереңдігі – 4 метр. Мұнда қайықпен серуендеуге, су спортымен шұғылдануға мүмкіндік бар. Биыл көктемде осы су айдынында триатлоннан Қазақстан кубогы жолындағы жарыс өткізілді. Мамандар мен спортшылар Түркістандағы жасанды көлге оң пікірлерін білдірген болатын. Жалпы саябақтың көгалдандырылған аумағының көлемі – 25 гектарға жуық, 3500 шаршы метрге гүл егілген. Аллея, субұрқақтары мен балалар ойын алаңшалары, орындықтары мен жүгіру және веложолы бар. Сонымен бірге жаңа саябақта 7 мыңнан астам ағаш, 43 мың түптен астам гүл егілген. Әлемнің бірнеше мемлекетінен елімізде сирек кездесетін ағаш түрлері әкелінген.
Аумағы 40 гектар болатын саябаққа 7 мыңнан астам ағаш, 43 мың түптен астам гүл егілген. Аллея, субұрқақтары мен балалар ойын алаңшалары, орындықтары мен жүгіру және веложолы бар.
Саябаққа әлемнің бірнеше мемлекетінен елімізде сирек кездесетін ағаш түрлері әкелінген. Жарықшамдар орнатылған. Алдағы уақытта саябақта кәсіпкерлікті дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған біршама жобалар жүзеге аспақ.