«Сандық» ұлттық тағамдарды ұсынады

10.jpg

«Елімізде кәсіпкерлікті дамытудың үлгі боларлық мысалдары жеткілікті. Біз шағын кәсіпкерлікті бүкіл қоғам болып қолдауымыз керек». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы халыққа арнаған Жолдауында осылай деген болатын.

Кәсіпкерлікті дамытуда Түркістан қаласын үлгі етуге әбден лайық.   Бұған Түркістанда кәсіпкерлікті дамытуға қажетті жағдайлардың жасалғаны да оң әсерін тигізуде. 

 Қазіргі таңда киелі шаһарда үлкенді-кішілі 65-тен астам мейрамхана-кафелер өз қызметтерін халыққа тиісінше ұсынып отыр. Көптеген ірі мейрамхана желілері киелі шаһарға келіп, өз кәсіптерін бастауда. 

Мәселен, биыл қаладан жаңадан ашылған «Сандық» дәмханасына барып, ерекше таңданысын білдірген Сәуле былай дейді:  «Еліміз қонақ күтіп, той-жиын өткеретін орыннан кенде емес. Таяуда, «Сандық» дәмханасына барып, ерекше стильдегі мейрамханалардың ашылып жатқанына тәнті болдым. Қазақтың тағамдары мейрамхана бизнесіне ыңғайлауға келмейді деген стереотип бар еді. Қайдан?! Қазақтың ұлттық тағамдары біздің білетінімізден де көп болған екен. Соны мейрамханаға бейімдеп жасалғанын көріп қуандым. Мысалы, дәмханада ет, сүт, құрт, ірімшік, малта, дәнді дақылдардан жасалған тағам түрлеріне көз сүрінеді. Мұның бәрі иммунитетімізге пайдалы. Ата-бабаларымыз кезінде осы тағамдарды жақсы үйлестіре білген, сондықтан ағзамызда дәрумендер жеткілікті болған екен. Бауырсақ, шелпек, тәттінің түр-түрі назарымызды аудартты.  Мұнан бөлек, ұлттық нақышта жасалған интерьер: қазақтың тақыр-түкті кілемдері, оюлы жастық-көрпешелері, денсаулыққа пайдалы ағаш ыдыстары, айтып өткен тағам түрлері дәмхананы ерекшелендіріп тұрғаны жасырын емес. Құдды бір бұрынғы заманда өмір сүріп жатқандай, солардың кейіпкерлерінің біріндей сезінесің. Сондағы оюлы түкті кілемдерді үйме-үй аралап жинаған дейді. Идеядан терең ізденіс пен еңбекқорлық сезіліп тұр. Біз риза болып қайттық», - дейді мейрамхана клиенті. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер