Су басу кезіндегі эпидемиялық аурулардың алдын алу шаралары

image.png

Түркістан облысының таулы аймақтарында және су қоймалары орналасқан кейбір елдімекендерде су тасқынының орын алуы  мен су басу қауіпі жоғары.   Шамадан тыс нөсердің   жаууынан, ауа райының күрт жылынып, қардың  еруінен ағын сулар мен  жер асты суларының деңгейі көтеріліп, елдімекендерді су басу жағдайлары жыл сайын  орын алып отырады. 

Мұндай төтенше жағдай кезінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі маңызды рөл атқарады. Халық арасында судан келетін жұқпалы аурулардың пайда болуы мен  таралуының алдын алу, әсіресе, сумен таралатын - тырысқақ,  іш сүзегі, бактериялық дизентерия, жұқпалы өткір энтериттер  адамдар  үшін қауіп  тудырады. Сондықтан су тасқыны кезінде әлеуметтік маңызы бар нысандарды, көп қабатты тұрғын үйлерді су шайғанда ауыз судан және ашық су көздерінен судың қауіпсіздігіне  зертханалық тексеру жүргізіледі. 

Су басу қауіптерін ескере отырып, аудан, қалалық жергілікті атқарушы органдар өзен және су қоймалары арналарын түзету жұмыстары жүргізілу қажет. Сонымен қатар, еріген қар, жаңбыр сулары ағып өтетін арықтарды, өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстар мен қорғау бөгеттерін уақтылы тазалап, дайындау керек.  Халықты және ұйымдардың жұмыскерлерін  сел қатері мен оның төнуі туралы тиісті құлақтандырудың  ұйымдастырылуын, сел және  көшкін жағдайының мониторингін, алдын  ала   жүргізілетін  шараларды әзірлеп  жүзеге  асыру  қажет. 

Су басу алдында  және су басу кезінде жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында халыққа келесі шараларды ұйымдастыру ұсынылады:

- зардап шеккен аумақты жиналған қоқыстан тазарту, қазылған шұңқырлар мен ауладағы дәретханаларды тазалау және зарарсыздандыру;

- су мен тамақ өнімдерін жабық ыдыстарда сақтау;

- су басқан жерлерде ұңғымалар мен бұлақтардан су қолданбау;

- ішуге және тамақ дайындауға тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдалану;

- көкөністер мен жемістерді шикі түрінде қолданғанда  сумен (бөтелкеленген немесе қайнатылған) мұқият жуып, қайнаған сумен шаю;

- жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау;

- аурудың алғашқы белгілері болғанда дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.

Н.НЫШАНОВ,  Түркістан облысының СЭБД басшысы 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Халің қалай, ауыл медицинасы? Өңірде 58 нысанға сұраныс бар
  • Праздник Наурыз широко отметили в Туркестанской области
  • Түркістанда Наурыз мерекесі халықаралық деңгейде атап өтілді
  • Түркістанда 2025 жылдың туристік маусымы ашылды
  • Түркістандағы қонақ үйлер туристерге толды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер