Түркістан қаласында жол ережесін сақтамаған, айыппұлын уақтылы төлемеген 100 жүргізуші ұсталды

Түркістан қаласында Түркістан қалалық полициясы жол бойында «Қорғау – қауіпті жүргізуші» айлығы өткізілуде. Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы Бауыржан Жанаевтың айтуынша, қалалық  патрульдік полиция қызметкерлері «Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасы арқылы қала аумағында күнделікті рейдтік-профилактикалық іс-шара жүргізіп келеді. Бұл іс-шара барысында жол қауіпсіздігі, жүргізушілердің жол жүру ережесін сақтауы мен мәдениеті, сонымен қатар олардың мемлекетке берешегі бар-жоғы анықталуда. 

Screenshot_10.jpg

- Жасыратыны жоқ, бүгінгі күні айыппұлы бола тұра көлік басқаратындар, ішімдік ішіп басқаратындар азаймай отыр. Бұл жағдайлар көпнесе автомобиль жолдарындағы жол көлік апатының орын алуына жүргізушілердің қателіктері себеп болып жатады. Бұдан кейін оған көліктердегі түрлі техникалық ақаулар, жолдың нашарлығы, ауа райының қолай¬сыздығы және тағы басқандай жанама факторлардың да әсер ететіні белгілі. Бірақ бәрібір, жол көлік апаттарының дені жүргізушілердің жол ережесін сақтамауынан, жауапкершіліктің аздығынан, жүргізуші тәжірибесінің жоқтығынан да туындауда. 

Сонымен қатар, жол-көлік оқиғаларының бағдаршамы жоқ жол қиылыстарында жүргізушілердің ережені білмеуінен де орын алып жатқаны белгілі. Яғни, бұл жерде кейбір жүргізушінің дайындығының төмендігін де аңғару қиынға соқпайды. Көп адам жол ережесінен бөлек, жолда жүргізуші  мәдениетінің де бар екендігін ұмытпауы керек. Яғни, ол жол ережесін қатаң сақтау арқылы да өзге көлік иелеріне құрмет көрсеткен болады. Бір-біріне жүргізушілер көлік жүргізу мәдениетін таныту арқылы да талай жолкөлік оқиғасының алдын алуға болатынын ескерсе. Сондай-ақ мас күйінде көлік құралын басқаруға отырмаса. Айыппұлы болса уақтылы төлеп, қайтара жол ережесін бұзуға жол бермеуге тырысса, - дейді басқарма басшысы. 

Түркістан қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлерінің «Қорғау – қауіпті жүргізуші» рейдтік-профилактикалық іс-шарасы кезінде кезекті жұмыс күні тәртіп сақшыларына С.Қожанов көшесінің бойында 153 миллион теңге берешегі бар Ravon Nexia R3 автокөлігі жол ережесін бұзғаны және қала көшесінде еркін жүргені туралы ақпарат келіп түседі. 

Алдын ала белгілі болғандай, жүргізуші 153 миллион теңгені құрайтын 700 мыңын жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл арқалаған екен.  Оның басым бөлігінде ақылы жол, жылдамдық арттыру, рұқсат етілмеген орынға көлік қою тағы басқа құқық бұзушылықтар енген. Қалғаны банк пен алимент бойынша берешек екені расталды. 

- Бүгінгі таңда ҚР Қылмыстық, әкімшілік кодекстерінде жөл көлік ережесін бұзғандарға жаза қатаңдатылған. Әр азамат осыны ескеріп білуі қажет және көлік жүргізу кезінде жол ережесін сақтауы міндет. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабына сай, көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін жаза қаралған. Атап айтсақ, «345-бабы 4 бөлігіне сай, көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Сондай-ақ 345-1-бабына сай, алкогольдік масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып  абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiру бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады» деп көрсетілген Заңда», - дейді Бауыржан Жанаев.

Оның айтуынша, абайсызда адам өліміне алып келген іс-әрекет жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ал Заңның 346-бабына сай, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Бұдан бөлек, 347-бабына сай, жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу, 345, 346-баптарында көзделген ауыр зардаптар туындаған жағдайда, көлiк құралын басқаратын және жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзған адамның жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалуы  бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

349-бабына сай, басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлiк құралын басқаруына жол беру лауазымды адамның не көлік құралы меншік иесінің немесе иеленушісінің көлік құралдарын басқаруға құқығы немесе тиiстi санаттағы көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлiк құралын басқаруына жол беруі, егер бұл іс-әрекет абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқса, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

- Жоғарыда тізіп шыққан қылмыстық жауапкершілік жол ережесін бұзған әр азаматқа қатысты. Ал жол ережесін бұзып, айыппұлын төлемей жүрген автокөлік жүргізушісімен полецейлер айыппұлдарды уақытылы төлеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Көлік айыптұраққа қойылды, - дейді Бауыржан Дәулетханұлы.  

Бір атап өтерлігі, соңғы айда Түркістан облысының полициясы «Қорғау» бағдарламасының көмегімен айыппұлын төлемеген 100-ге жуық жүргізушіні анықтап, көліктерді айыптұраққа қойылған. Түркістан қаласында бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табу үстінде. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер