Телғараевтың тұсында Төлебиде не тындырылды?

Қарамағындағы қызметкері сыбайлас жемқорлықпен айыпталып, қылмысы дәлелденген жағдайда мемлекеттік органның басшысы отставкіге кетуге арыз жазатыны заңмен бекітілген тәртіп.  Әлбетте, «адамның аласы ішінде», бір басшы қарамағындағы қайсыбір қызметкерінің әр қадамын  қадағалап, толыққанды бақылау орнатады, бұл мүмкін емес қой» деген пікірлер де айтылып жүр. Дегенмен заңмен бекітілген қатаң талап қойылғандықтан, оны орындаудан басқа амал жоқ. 

Screenshot_37.jpg

Жуырда Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Қанат Мылтықбековке қатысты соттың үкімі шықты. Атап айтқанда,  қызмет бабын теріс пайдаланды деген айып бойынша 7 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Осы жағдайға байланысты аудан әкімі Төлеген Телғараев  қызметінен отставкіге кетуге арызын жазған болатын.   Міне, бүгін облыс басшысы  Дархан Сатыбалды отставкіні қабылдады. Бүгін облыс әкімі аппаратының жетекшісі Еркеғали Әлімқұлов Ленгір қаласында аудан әкімдігінің активімен кездесіп, Т.Телғараевтың тұсында өңірде атқарылған жұмыстарды мен жетістіктерге тоқталып өтті. Аудан басшысының міндетін атқару ісін әкім орынбасары Сержан Дүйсебаевқа жүктеді.

Сонымен,  Төлеген Телғараевтың тұсында Төлеби ауданында қандай жұмыстар атқарылып, не тындырылды?  Бірден айтайық, жетістіктер аз емес. Осы мерзім ішінде өңірдегі бірқатар өзекті мәселелер шешімін тапты.  

Төлеби ауданында 2024 жылы 36 млрд.теңге инвестиция тарту жоспарланып, 7 айдың қортындысымен 17,8 млрд.теңге инвестиция тартылды, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 120,7 пайызды құрады. 2024 жылғы 11 сәуірдегі №120 өкіміме сәйкес, аудандағы инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша арнайы жұмысшы топ құрылып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тарту – өте маңызды міндет. 2024 жылы агроөнеркәсіп кешеніне 7,2 млрд.теңге инвестиция тарту жоспарланып, 7 айдың қорытындысымен 839,6 млн.теңге инвестиция тартылды. Жыл соңына дейін жұмыстар жалғасын табатын болады.

Ауданда бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту мақсатында қосымша кіріс көздері анықталып, алдағы болатын бюджетті нақтылау барысында аудан бюджетінің кіріс бөлігін 93 750,0 мың теңгеге, ал қала, ауылдық округтер бюджеті 169 758,0 мың теңгеге ұлғайту жоспарлануда. 2024 жылы аудан бюджетінің кіріс бөлігі 4 016 162,0 мың теңге болып бекітілсе, 2025 жылы 4 790 254,0 мың теңгеге бекітіледі. Бюджет қаржысын тиімді пайдаланып және шығыс бөлігін оңтайлы игеру мақсатында аудан бюджетін 43,0 млн теңге тиімсіз жоспарланғандығы анықталып, бірінші кезектегі қажетті шығындарға бағытталатын болады.

Көлеңкелі экономика үлесінің жоғары деңгейде қалуы қаржы саласындағы ахуалды ушықтырып тұр. 

Біркөлік, Ақмешіт және Қасқасу елді мекендерінде орналасқан демалыс орындарында жыл басында 85 демалыс орындары мен саяжайлар салық органдарында тіркеуде тұрған болса, рейдтік тексеру нәтижесінде 101 демалыс орындары мен саяжайлар анықталып, тіркету жұмыстары жүргізілуде

Табиғи тамаша, жер жанаты атанып кеткен Төлеби ауданындағы ең өзекті – жайылымдық жер мәселесі. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйек күні жолдаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында халықты ортақ жайылыммен қамтамасыз ету тапсырмасы негізінде Төлеби ауданына Түркістан облысының Жер қатынастары басқармасымен Түркістан облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаменті арасында 2021-2024 жыл аралығында жалпы 25,1 мың га (2021 жылы 5,6 мың га, 2022 жылы 8,5 мың га, 2023 жылы 9,0 мың га, 2024 жылы 2,0 мың га) нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай бос жатқан және заңсыз бөлінген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару жоспарланған болатын.

Жоспардағы 2021-2023 жылдар аралығы толық орындалып, Төлеби ауданның арнайы жер қорына алаңы 23,1 мың га (22,4 мың га жайлымдық жер, нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай жатқан 535,6 га тәлімі егістік) жер учаскелері қайтарылды.

Жалпы 2021-2023 жылы қайтарылған алаңы 22,4 мың га жайылым жер учаскесінінің 17 222,2 га жер учаскелері ауылдық округ әкімдіктеріне ортақ жайылым ретінде бекітіп беріліп, жерге орналастыру жобалары әзірленіп, мемлекеттік акт рәсімделіп, толық аяқталды.

Ал, 2024 жылы ауданның арнайы жер қорына қайтару 2,0 мың га жоспарланып, қазіргі таңда 950,43 га (оның ішіндегі алаңы 763,43 га жер учаскелері өз еркімен қайтарылды, ал алаңы 187,0 га жеке меншіктегі жер учаскесі 37 822 398 (отыз жеті миллион сегіз жүз жиырма екі мың үш жүз тоқсан сегіз) теңгеге сатылып алынды) жайылым жер учаскелері қайтарылды.

Сондай-ақ, халықпен кездесулерде көбінесе инженерлік-комуникация жүйелерінің құрылысын (электр, ауыз су, кәріз, көпір, жол т.б) жүргізу бойынша мәселелері көтеріледі. Бұл жұмыстар өз деңгейінде кезең кезеңімен атқарылуда. Атап айтқанда көп жылдан бері аудан орталығы Ленгір қаласында электр желісінің сапасын артыруды сұранған болатын.  Осы мақсатта 2023 жылы Алатау, Шаңырақ, Қазығұрт, Самал мөлтек аудандарындағы 9700 жуық халықты, сапалы электр желісімен қамтамасыз ету үшін Ленгір қаласы «Алатау» м/а 110 Квт П/С құрылысы Мердігер мекеме – «Алматымәдениетқұрылыс» ЖШС. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстарының 90 пайызы аяқталып,  қазан айында іске қосылады деп күтілуде. Нысан іске қосылған жағдайда  9720 халық, 63 көп қабатты тұрғын үй мен 3100 жуық теке тұрғын үйлер 16 әлеуметтік нысандар, 79 кәсіпкерлік нысандар сапалы электр желісімен қамтылады. Бұған қоса, елді мекендерге 15-трансформатор, 69,1 ш.қ электр желісі тартылып, 4640 халық, 928 абонент сапалы электрмен қамтылатын болады.

Мердігер: «Сарыағаш-Аман» ЖШС.  Қазіргі кезде нысан аумағына құбыр жүргізіліп,  электр желілері тартылып, 51 дана түнгі жарық шамдары орнатылды. Қоршаулар, резервуарлар салынды. 6 биопруд жасалып, биореакторлар мен сарқынды су станцияларының құбырлары жалғанып, 2 қабат гидроизоляциялау жұмыстары жүргізілді.  Бүгінге ғимараттың ішін әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысы 2025 жылға өтпелі. 

Аудандағы 55 елді мекеннің 54-і орталықтанған су құбырымен қамтылған. Қалып отырған Жаңакүш е/м ауыз суымен қамтуға жұмыстары аяқталуда, ауыз суды қыркүйек айында іске қосамыз, Осы нысан іске  қосылса елді мекендер 100 пайыз орталықтанған ауыз су құбырымен қамтылатын болады. Бұған қоса, Көктерек су тазалау имаратының құрылыс жұмыстары аяқталып, нысан «Ленгер су» теңгеріміне өткізілуде.  Алшалы, Ұзынарық, Жаңакүш, Диханкөл елді мекендерінің ауыз су жүйесі жаңартылуда.

2024 жылға жалпы 487,3 млн теңге қаралып, 36,2 ш.қ құрайтын 27 жол орта жөндеуден өткізілуде. Қостөбе елді мекеніндегі «Балдыберек» өзені арқылы өтетін көпірді күрделі жөндеу жұмыстары бойынша мердігер  «ABC Group KZ» ЖШС тарапынан бүгінге екінші өткелге 12 дана бетонды блоктар қойылып, арматура өріліп, бетін бетондауда. Одан бөлек өткелді бөлікке 9 дана квадраттық бетонды блоктар орнатылуда. Темір конструкциялы перилалары әзірленуде. Жалпы жұмыстарды 15 қыркүйеке дейін аяқтау жоспарлануда. Ал, Ханарық елді мекеніндегі «Балдыберек» өзені арқылы өтетін көпірді күрделі жөндеу үшін ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қарауына ұсынылған. Сараптама  қазан айында шығады.

Ленгір қаласындағы Алатау мөлтек ауданына инфрақұрылым тарту мәселесі де күн тәртібінен түскен емес. Мөлтек аудан халқының өтінішін орындап, ұсыныстарын жүзеге асыру үшін су, электр жүйесі тартылып, жол салынуда. Нысандардың құрылыс жұмыстары 2025 жылға өтпелі. Инфрақұрылым жүйелері толығымен аяқталған жағдайда 1030 жер телімі пайдалануға беріледі.   

Ауданның мәдени-рухани өркендеуіне өз үлесін қосып, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, тарихымызды насихаттап, салт-дәстүрімізді жаңғыртып, елді бірлік пен ынтымаққа шақыру бағытында еңбек етіп отырған өңірде 16  мәдени ошағы, 31 кітапхана бар.  “Ауыл-Ел бесігі” жобасы аясында  Момынай елді мекеніндегі Мәдениет үйінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Киелітас елді мекеніндегі  Мәдениет үйінің  құрылысын аяқтауға қаржы қарастырылып, қазіргі кезде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 

Ауданымызда 18 мәдениет ошағында 120 қызметкер жұмыс жасаса, 31 кітапханда 57 қызметкер жұмыс жасайды.  Мәдениет саласында бекітілген жоспарға сай, түрлі деңгейдегі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Жас ұрпаққа ұлттық ойындардың мәнін, мақсатын теориялық және іс жүзінде ұғындыру,  ұлттық ойын түрлерімен таныстыру, қызығушылықтарын арттыруды көздеген «Көшпенділер ойыны» облыстық сайысы  ауданда жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілуде. 

Өлкеде 100-ден астам археологиялық, архитектуралық және тарихи ескерткіштер орны белгіленген. Тарихи деректерде Сақ дәуірінің қорғандары, орта ғасырлық қалашықтардың орындары, қарауыл төбелер, обалар, сондай-ақ халық арасында аты аңызға айналған тарихи маңызы бар әулиелер мекенжайлары есепке алынған. Ғажап дүние тылсымына айналған Мәдени мұражайларды сақтап, экотуризмді дамыту мақсатында көптеген жобалар жүзеге асуда. 

Төлеби ауданының 90 жылдығына орай, зиялы қауым өкілдерімен кеңесе отырып, «Төлеби ауданының энциклопедиясы» жарық көрді. Демеушілер есебінен Ленгір қаласындағы шатқал аумағына «Төлеби баба» ескерткіші орнатылды. Ата-бабамыздың салт-дәстүрін дәріптеу мақсатында «Этно ауыл» қалашығы тұрғызылды. Аудандағы ел ағаларының, ардагерлерді бас қосып, уақыттарын тиімді өткізуі үшін «Ардагерлер үйі» пайдалануға берілді.

Төлеби ауданында интернет желісі мен ұялы байланыс сапасын жақсарту мақсатында тиісті байланыс операторлары мен Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармамен бірлесіп жұмыс жүргізілуде. Қазіргі таңда, Төлеби ауданына қарасты 55 елді мекеннің 54 елді мекені мобильді байланыс желісімен              (3G және 4G)  қамтылған.  Зертас ауылдық округіне қарасты Жаңакүш елді мекенінде  «Kcell» АҚ байланыс операторының желісін ағымдағы жылдың желтоқсанына дейін қосу жоспарлануда. 

Бекітілген жол картасына сәйкес, аудан көлемінде 6 елді мекенге (Тасарық, Жаңаұйым, Зертас, Қарақия, Аққұм, Абай) жаңа базалық станция орнату бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. 

Сонымен қатар, 13 елді мекенде (Жаңакүш, Абай, Алатау, Екпінді, Қайнар, Қасқасу, Сарқырама, Майбұлақ, Жаңаұйым, Диханкөл, Ұзынарық, Ханарық, Қаратөбе) орналасқан базалық станцияларды жаңғырту (3G-ден 4G желісіне ауыстыру) жұмыстары жүргізуде.

Аудан аумағында жалпы қоғамдық-саяси ахуалдың алдын алу мақсатында арнайы  жұмысшы топ құрылып, келеңсіз орын алған жағдайда жедел хабарлау мақсатында «Саяси ахуал» тақырыбындағы «WhatsApp» әлеуметтік чаты ашылып жұмыс тобы жұмыс істейді. . Топ құрамында 40 мүшесі бар. Аудан аумағында қоғамдық-саяси және этносаралық жағдайлардың алдын-алу бойынша атқарылатын жалпы 4 алгоритм мен 1 іс-қимыл схемасы бекітілген. Аудан аумағында күнделікті қоғамдық саяси-ахуалдың алдын алу мақсатында қала, ауылдық округтерде жалпы 72 ватсап әлеуметтік ортақ чаттарға бақылау жүргізіліп, ондағы көтеріліп жатқан өзекті мәселелер дер кезінде талқыланып, кері байланыс орнатылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Халықтың сұранысына жедел ден қою мақсатында арнайы 109 байланыс номері арқылы жергілікті тұрғындардан келіп түскен арыз-шағым, өтініштерге сала мамандары жауап беруде. Жалпы, әлеуметтік желілер мен БАҚ –да жарияланған сыни материалға жауап беру ақпараттық саясатты оңтайландыру мақсатында «Төлеби сыни материалдар»  ватсап әлеуметтік чаты құрылып, ауданға қатысты шыққан сыни материалдар сонда жіберілетінін, талқыланады. 

Туризм саласында 140 нысан қызмет көрсетеді, 2023 жылы 39 697 турист келген. 2,9 млрд теңге инвестиция тартылып, 8 жоба жүзеге асып, 42 жұмыс орны ашылған. 2023 жылы іске асырылған  инвестициялық жобаларға тоқтала кетсем, Алатау ауылдық округінде жеке кәсіпкер  Еркінбек құны 100 млн теңге болатын  демалыс аймағын іске қосып, 5 жұмыс орнын ашқан. Жеке кәсіпкер Файзиева Г.  Құны 800  млн.теңгені құрайтын 11 коттедж, 1 бассейн, 1 қонақ үй ашып,  6  адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Алатау ауылдық округінен  ЖК Наралиев Т. қонақ үй, ресторан іске қосып,  5  жұмыс орнын ашты. Жоба құны  500 млн.теңге. Жеке кәсіпкер  Юнусов А құны  150 млн.теңге болатын   қонақ үй іске қосып, 3 адамды тұрақты жұмыспен қамтыды. Жеке кәсіпкер  К.Қожамжарова саумалмен сауықтыру орталығын іске қосып, 10 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтыды. Жоба құны 150 млн.теңге. Жеке кәсіпкер  «Ысқақов Қалдыбек» құны  500  млн.теңгені құрайтын демалыс орнын ашып, 6  адамды  жұмыспен қамтыды. Жеке кәсіпкер  Сақыбаев М. қонақ үй, ресторан, бассейн құрылысын жүргізіп, ел пайдалануға беріп, 5  жұмыс орнын ашты. Жоба құны 600 млн.теңге. 

2024 жылы инвестиция көлемін 1,8 млрд.тенгеге жеткізу бағытында жұмыстар жүргізілуде.  Құны 220 млн теңгені құрайтын 2 жоба іске қосылып, 10 тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Олар: Біркөлік демалыс аймағынан жеке кәсіпкер «Рысбаев» құны 120 млн теңгелік демалыс орны; Біркөлік шатқалынан ЖК «С.Сақибаев»  өз қаражаты есебінен құны 100 млн  теңге болатын қонақ үй құрылысы.

Төлеби ауданындағы туризм саласын дамыту мақсатында Қасқасу және Көксәйек ауылдық округтерінің туристік бағыттары үшін рекреациялық аймақтың шекарасын белгілеу бойынша аудан әкімінің 15.01.2024 жылғы №18 өкімімен жұмысшы топ құрылып, жұмысшы топтың жыл басынан бері 6 отырысы мен 2 көшпелі мәжілісі өткізілді. Нәтижесімен рекреациялық аймаққа енгізілетін жерлер жан-жақты талқыланып, жалпы алаңы 512,0 га жер учаскелері бекітілді.

Алдағы уақытта аталған жер учаскелеріне рекреациялық аймақтың егжей-тегжейлі даму жоспары әзірленеді. Сондай-ақ, Біркөлік, Ақмешіт елді мекендеріндегі жер көлемі 757 га құрайтын туристтік рекреациялық аймақтың егжей-тегжейлі жоспары әзірленіп, аудан әкімдігінің 08.12.2023 жылғы №820 қаулысымен бекітілді. Жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде. 

Төлеби ауданында шағын су электр станциясын салу жоспары бар. Олар: 

    1) Қаратөбе а/о «Тауэнерго» ЖШС құны 2,0 млрд тг қуаттылығы 3,2 мВт/сағ шағын ГЭС құрылысына қажетті құжаттар мен рұқсат қағаздары жинақталды, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

    2) Жоғарғы Ақсу а/о  «Жасыл қуат» ЖШС құны 1,5 млрд тг қуаттылығы 2,0 мВТ/сағ шағын ГЭС құрылысына қажетті құжаттар мен рұқсат қағаздары жинақталды, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Электр энергиясына қатысты республикалық, облыстық бюджет есебінен 2023-2024 жж аралығында 3 160,2 млн теңге бөлініп, жалпы 10 нысанның құрылысы жүргізілуде. Жобада 15-трансформатор, 69,1 ш.қ электр желісі тартылып, 4640 халық, 928 абонент сапалы электрмен қамтылатын болады. Оның ішінде: 

    1. Ленгір қаласы «Алатау» м/а 110 Квт П/С құрылысы Мердігер мекеме – «Алматымәдениетқұрылыс» ЖШС   Жобалық құны: 2 169,1 млн. тг;

    Бүгінге қоршау, 2  дана 10 мың кВт трансформатор, БМЗ корпусы, ОРУ құрылғысы орнатылды. 138 бағана толық орнатылып, (31 темір баған, 107-і бетонды бағана). Ұзындығы 14,0 шқ 2 тізбекті әуе электр желісінің 13,6  ш.қ тартылды. Жалпы 90 пайыз жұмыстар аяқталды. 

    2. Мердігер «Шаңырақ- ХХІ» ЖШС тарапынан Қаратөбе е/м 3 көшеге тартылған электр жүйесі іске қосылды. 

    3. Мердігер «ККС–Коснтракшн» ЖШС тарапынан Керегетас, Жоғарғы Қасқасу е/м, 2 көшеге тартылған электр жүйесі іске қосылды. 

    4. Мердігер «ХМСУ Шымкентмелиорация» ЖШС тарапынан Сұлтанрабат е/м 3 көшеге көшеге тартылған электр жүйесі іске қосылды. Қазіргі кезде абонеттерді іске қосу жұмыстары атқарылуда. 

    5. Мердігер «Андас-групп» ЖШС Кеңесарық, Ақайдар, Тасарық, Бірінші Мамыр, Ханарық е/м 8 көшеде электр жүйелерінің құрылысы аяқталды, іске қосу үшін «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС құжаттар өткізілді. 

Биылғы жылы тамыз айында құрылысы басталған мердігер «Андас-групп» ЖШС тарапынан Жамбыл, Ақбастау е/м 5 көшеге электр жүйелері тартылуда. Жалпы 60 пайызға жұмыс жасалған, қыркүйек айында аяқталады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бүгінгі таңдау – ертеңгі болашақ
  • Сауран секторында кездесу өтті
  • Университетімізде республикалық референдум бойынша дөңгелек үстел өтті
  • АЭС – болашақтың энергиясы
  • Балдырғандар Түркістан қаласының полицейлермен бірге рейд жүргізді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер