Заңның мықтылығы – адалдығы мен әділдігінде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында: «Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады. 

Screenshot_15.jpg

Ұлы Абай «Адал еңбекпен мал іздемек – арлы адамның ісі» деген. Ал арлы адам әділетсіздік жасамайды. Әр салада адалдық басты орында тұрса, әділ қоғам орнайды. Жемқорлыққа жол берілмейді, ел мүддесіне сай шешім қабылданады. Бір сөзбен айтсақ, қоғамдағы ізгіліктің бәрі адалдықтан бастау алады. Ендеше Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс», – деп, адалдық қасиетінің маңыздылығын атап өткен болатын. 

Осы ретте Түркістан қаласында «Адалдық сағаты» аясында өткен кездесулерге жоғары және колледж оқу орындарының әкімшілігі, ұстаздары, студенттері қатысты. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен кездесуге Түркістан қаласының прокуроры Каукен Нәрікбаев, оқу ордасының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры ректоры Жанар Амангелдіқызы, қоғамда адалдық, әділдік, парасаттылық қағидаттарын қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

– Әлемдегі кез келген тәуелсіз мемлекеттің ғасырлар бойы өз құнын жоғалтпай, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан заңдар жинағы болады. Осындай Ата Заң біздің елімізде де, яғни Қазақстан Республикасында да ел тәуелсіздігін нығайту барысында қабылданды. Биыл Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 29 жыл толып отыр. Негізі тәуелсіз Қазақстан тарихында 2 рет Конституция қабылданған болатын. Егемен еліміздің тұңғыш Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды. 1993 жылғы Конституцияның негізінде еліміз парламенттік республика моделінде болса, 1995 жылы қабылданған Конституция негізінде президенттік билікке көшті. 1995 жылы қабылданған Конституцияға әр жылдары бірқатар өзгеріс енгізілді. Мемлекетіміздің тым қысқа мерзімде өз Конституциясын қабылдағаны талайды таңқалдырғаны рас. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бастан кешкен қиын-қыстау уақытта да, қазіргі даму кезеңінде де Конституцияның ел өмірінің барлық саласында тура жол сілтеп, кемелденудің алтын арқауына айналғанын өмірдің өзі айқын дәлелдеп отыр. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы өзінің демократиялы, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет екенін Ата Заңы арқылы да бүкіл әлемге танытты.

Жалпы әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға міндетті, қандай да болмасын «қолы да, жолы да ұзын» адамдар азаматтардың құқығын таптап, заңсыз әрекеттерге баратын болса, әділдікті орнатушы құқық қорғау органдары көмектеседі, – деді Каукен Нәрікбаев.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы жайлы мәлімет берілді. «Бизнеске жол» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер» жобаларының іске асырылу барысы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі агенттіктің «1424» Call-орталығы туралы ақпараттар айтылды. Сондай-ақ арнайы әзірленген бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды. Ал жиын қорытындысында сөз алған оқу орнының ректоры Ата Заңымыздың мықтылығы – адалдығы мен әділдігінде деп ой түйді.

- Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет кұру идеясын жүзеге асыру үшін әрбір азамат өз құқықтарын жете білуі, соған сай сана-сезімдерін қалыптастыруы керек. Азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз – өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы – адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаты – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды дұрыс өмір сүру салтына тәрбиелеу. Өркендеп дамуымыздың басты құжатына айналған, бүкіл халық болып қабылдаған Ата Заңды құрметтеу – біздің міндетіміз әрі парызымыз. Қазақстанның әрбір азаматы еліміздің негізгі заңының асқақ рухы мен маңызын, Конституцияны қалыптастыру тарихын жақсы білуі керек.

Конституцияны құрметтеу және сақтау арқылы және оның тарихы мен маңызын білуімізбен ғана біз өз елімізді, Отанымызды, тарихымызды, құндылықтарымызды құрметтейміз және мемлекетіміздің дамуына, қоғамдық келісімге, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз. Өйткені біздің Ата Заңымыз Қазақстан халқының саналы таңдауы, өркенді дамуымыздың кепілі екені анық. Конституцияның тағы бір кемелді сипаты құқықтық мемлекет идеясын, ел бірлігін, бейбіт өмірді, жан-жақты өркендеген жасампаз дәстүрді орнықтырып, өркениеттің көшіне кедергісіз қосылу мақсатын жүзеге асыруға тікелей ықпал еткеніне, Қазақстанның мәртебесін көтеруге мол мүмкіндік жасағанына байланысты. Сондықтан да Конституциямызды – ел кемелділігінің негізгі арқауы десек қателеспейміз, - дейді Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Амангелдіқызы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер