«АМАНАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасында медицина саласын жақсартуға айрықша назар аударылып отыр. 2027 жылға дейін арналған сайлауалды бағдарламасында елдегі барлық денсаулық сақтау ұйымындағы заманауи жабдықтардың үлесін 70%-ға жеткізу межесі қойылып отыр.
Сонымен қатар денсаулық сақтау саласындағы нұсқаулық алудан бастап, еңбекке жарамсыздығы туралы анықтамаға дейінгі барлық құжаттаманы электронды форматқа ауыстырылмақ. Әсіресе ауыл медицинасына басымдық берілмек. «Көптеген ауыл тұрғыны медициналық көмек алу үшін әлі күнге дейін ондаған, жүздеген шақырым жол жүруге мәжбүр. Ауылдағы жас маманға көтерме жәрдемақыны 10 миллион теңгеге дейін арттыру қамтамасыз етіледі. Бұл ауылдағы кадр тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді» деп көрсетілген бағдарламада.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 655 амбулатория, фельдшерлік-акушерлік нысан салынып, құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етілетінін айтқан болатын. Яғни 4 миллионнан аса ауыл азаматына сапалы дәрігерлік қызмет көрсетіледі. Сондай-ақ Президент медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аударуды, мемлекеттік-жекеменшік әріптeстік тетіктері арқылы ресурстарды белсенді тартуды тапсырды.
Түркістан облысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында былтыр 49 медицина¬лық-санитарлық алғашқы көмек нысандары пайдалануға берілді. Оның 20-сы – дәрігерлік амбулатория, 23-і – фельдшерлік-акушерлік, 6-ауы – медициналық пункт. Жаңадан ашылған нысандарда санитарлық талаптар, өрт қауіпсіздігі сақталған, заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған, кадрлық құраммен толық қамтыл¬ған. Айталық, жуырда пай¬далануға берілген Отырар ауданының Аққұм ауылын¬дағы дәрігерлік амбулатория¬да дәрігер, 6 мейіргер, акушер, стоматолог, лаборант, авто¬көлік жүргізушісі, кіші буын қызмет¬кер, екі қарауыл жұмыс істейді.
Дәрігерлік амбулатория ЭКГ, гинекологиялық орын¬дықтармен, физиоте¬рапия¬лық, оңалту аппараттармен қам¬тылған. Сауран ауданына қарасты Жалаңтөс ауылында ел игілігіне берілген медицина¬лық бекет 250-ден аса тұрғынға қызмет көрсетеді. Ауылда бұған дейін 1973 жылы салынған меди¬циналық пункт жұмыс істеп келген. Алайда ескі ғимарат «апат¬тық жағдайда» деп таны¬лып, ауыл тұрғындарының дәрі¬герлік көмек алуы барысында қиын¬дықтар туғызды. Енді тұрғындар заманауи талаптарға сай, жаңа ғимаратта қызмет ала алады.
Ұлттық жоба аясында жүр¬гі¬зілген жұмыстар нәти¬же¬сінде ауылдар мен елді мекендердің 100 мыңнан астам тұрғынына медициналық көмек көрсетіледі. Айта кетелік, 49 нысанның 48-і мемлекет қаржысына салынса, Келес ауданы, Ошақты ауылындағы нысанды жеке инвестор салып берді. Яғни ауыл¬дастарына медпункт салып беруге қызығушылық танытып отырған қалталылардың қарасы көрінбейді, ауыл медицинасына инвестор тарту әзірге мүмкін болмай отыр. Ауылдарда медициналық қыз-мет¬тің қолжетімділігін арттыру бағытында бірқатар жоба жү¬зеге асырылмақ.
«Қазіргі таңда 2025-2026 жыл¬дары салу жоспарланған жал¬пы 58 медициналық нысанға қажеттілік бар. Оның 25-ін биыл іске асыру жоспарланып отыр. Қалған 33-інің құрылысы келер жылдың еншісінде. Осының бәрі жүзеге асқан жағдайда өңірдегі медициналық, фельдшерлік-амбулараториялық пункттер мен дәрігерлік амбулато¬рия¬лар¬дың қажеттілігі толық ше¬шімін табады», дейді облыс әкі¬мінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев.
Облыс халқының 80 пайызы ауылды жерде тұратынын ескерсек, аталған ұлттық жобаның сапалы жүзеге асырылуы, сондай-ақ тұрғындарға медициналық көмектің дер кезінде көрсетілуі аса маңызды. Бұл орайда өңірде жедел медициналық қызметтің жұмысы барлық ауданда жақсы дей алмаймыз. Облыстық ден¬сау-лық сақтау басқармасы ма¬ман¬¬дарының мәлімдеуінше, 60 бригада жетіспейді. Яғни өңірдің жедел жәрдем бригада¬сымен қам¬тылуы – 71%. «Об¬лыс¬тық жедел медициналық жәрдем стансасы» МКК-да жалпы 150 бригада өңірдегі 2 миллионнан астам халыққа медициналық жедел жәрдем қызметін көрсетіп келеді. Оның ішінде, дәрігерлік 34, фельд¬шерлік 116 бригада, 4-санат¬тағы жедел жәрдем қызмет көрсетуге арналған 75 бригада жұ¬мыс істейді. Нормативке сәй¬кестендіру үшін, яғни халық санына орай өңірде 210 бригада болуы тиіс. Жедел жәрдем бригадасының жетіспеушілігі, әсіресе Сауран ауданында бай¬қалады. Сондай-ақ халқы 222 мыңға жуық Сарыағаш ауда¬нында – 9, 135 мыңға жуық тұр¬ғы¬ны бар Келес ауданында – 6, 85 мыңға жуық тұрғыны бар Шардара ауданында 4 бригада жетіспейді.
Өңірдегі 197 санитарлық автокөліктің 48,2 пайызы тозған, 20 автокөлік күрделі жөндеу¬ді қажет етеді. Облыстық сани¬тар¬лық авиация қызметінің авто¬паркі өткен жылы соңғы үлгідегі арнайы техникалармен жабдықталған заманауи 15 көлікпен толықты. 13 жаңа автокөлік 4-санатты шақыр¬ту¬ларға қызмет етуге беріл¬се, облыстық әкімдіктің қол¬да¬уымен жергілікті бюджет есебінен жаңа туған нәрестелерді та¬сы¬малдауға арналған 2 реани¬мобиль автокөлігі сатып алын¬ған. Биыл тағы қосымша 60 жедел жәрдем автокөлігін сатып алу жоспарланып отыр. Дегенмен жедел жәрдемнің кей¬бір аудандардағы шалғай ауыл¬дарға кешігіп жететіні жа¬сырын емес. Мысалы, өткен жылы кешігумен орындалған шақыртулар көрсеткіші Шар¬дара ауданында – 9,3%, Атакент¬те – 8,9%, Қазығұрт ауданында 8,7% болған. Ауруханаға дейінгі өлім-жітім, әсіресе Түркістанда, Сарыағаш, Сайрам, Ордабасы аудандарында көп. Жедел жәр¬дем қызметіне Созақ, Сары¬ағаш, Отырар аудандарында шағым¬данушылардың қарасы қалың. Былтыр өңірдегі жалпы шақыртулар саны 758 767 болса, оның ішінде тыныс алу, қан-тамыр жүйесі ауруларына қатысты шақырту көп болған.
Өңірдегі денсаулық сақтау саласындағы тағы түйткілді мә¬се¬ленің бірі – кадр тапшы¬лығы. Денсаулық сақтау бас¬қар¬ма¬сының мәліметіне сүйенсек, облыста 400-ден астам бейінді маман жетіспейді. Оның 141-і Түркістан қаласында салынып жатқан 570 төсек-орынды облыстық көпбейінді ауруханаға қажет. Бұл проблеманы шешу мақсатында облыс әкімдігі ме¬ди¬циналық мекемелерді тиісті мамандармен қамту жө¬нінде 5 жылдық жоспар бекіт¬кен. Осы орайда облыстық бюджет есебінен резидентураға 639 грант бөлу қарастырылып отыр.
«Кадр мәселесі де жолға қойылып келеді. 2023 жылдан бері есептесек, 176 грант игерілді. Өткен жылы 40 дәрігер Ресейде, 234 орта буын медицина маманы Астана қаласында білік¬тілігін арттырды. Жұмыс тоқ¬¬тамайды. Ауылдарда ме¬д謬¬циналық қызметтің қолже¬тім¬ділігін арттыру жал¬ға¬сады», дейді Денсаулық сақтау басқар¬ма¬сының басшысы Асхан Байдуәлиев.
Бейінді дәрігерлерге тап¬шы¬лық 282 болса, былтыр 331 жас түлек облысқа жолданған. Оның ішінде 147 мемлекеттік ме¬дициналық ұйымдарға жол¬да¬нып, 31 түлек жұмысқа қабыл¬дан¬ды. 9 жас маманға 1,5 млн теңге көлемінде әлеуметтік жәр¬демақы берілді, 6 маманға 8,5 млн теңге көлемінде, 90 маманға 100 АЕК мөлшерінде көмек көрсетілді, 8 жас маман¬ға тұрғын-үй сатып алуға жеңіл¬де¬тілген несие бөлінді. Тапшы мамандықтағы дәрігер-лер¬ді тар¬ту мақсатында 2024 жылы жер¬гілікті бюджет есебінен 270 млн 987 мың теңгеге резидентурада медициналық кадрларды даярлауға 139 грант бөлініп, ол толық игерілді. Биылғы жылға 150 грант бөлу жоспарланған.
Денсаулық сақтау ми¬нистр¬лі¬гі 2025 жылды дәрігерлер мен орта буын медицина қыз¬мет¬кер¬ле¬рін оқыту жылы деп жариялады. Осы орайда биыл аталған мақсатқа 165 млн теңге бөлінген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы алдағы мәслихат сессиясында қаржыны ұлғайтуды ұсынбақ. Облыс көлемінде көр¬сетіліп жатқан медициналық қызметтерге бақылауды күшей¬ту, туындаған төтенше жағдай¬лард¬ы дер кезінде шешу үшін симуляциялық орталық қажет. Басқарма басшылығы ол үшін 50 млн теңге қажет екенін айтып отыр.
Аймақта 30-ға жуық елді ме¬кен¬де ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі бар. Дәрігерлер бұл мәселе ішек инфекциясының таралуына алып келуі мүмкін екенін айтады. Айталық, бүгінде облыс көлемінде 12 адам ішек инфекциясымен емделіп жатыр екен.
Өңірде денсаулық сақтау са¬лବсында алдағы уақытта 7 ірі жобаны іске асыру бағы¬тын¬¬да жұмыс жүргізіліп жатыр. Медициналық құрал-жаб¬дық¬тармен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңге, жалпы сипаттағы транс¬ферттер есебінен 8,8 млрд теңге қаржы қарастырылды.
«АМАНАТ» партиясы осы жоспарлардың барлығын ойдағыдай орындалуын, сайлауалды бағдарламасында көзделген межелерге жетудің барысын қадағалайтын болады.
Ғалымжан Елшібай,
«АМАНАТ» партиясынан сайланған Түркістан облыстық мәслихатының депутаты