Түркістан облысында су үнемдеу мәселесі талқыланды

image.png

Су үнемдеу технологияларын енгізу су шығынын азайтып, өнімділікті арттыруға, суармалы жерлерді ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес суармалы жерлердің көлемін ұлғайту аясында облыста қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте жан-жақты талқыланды. 2030 жылға қарай өңірде су үнемдеу технологияларын 216,3 мың гектарға енгізу жоспарланған.  

Биылға 27 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологияларын енгізу жоспары бекітілген. Дегенмен барлық мүмкіндіктер ескеріле отырып, жоспар көлемі 2 есе артты. Бұдан бөлек, шетелдік инвестордың атсалысуымен жаңа технология 32 мың гектарға ендірілді. Трансшекаралық суға тәуелділікті төмендету мақсатында жаңа технологияларды оңтүстік аудандарда 24 мың гектарға ендіру жоспарланып отыр.  Облыс әкімі суармалы жерлердің көрсетілген алаңын дұрыс пайдалану Мемлекет басшысы алға қойған жоғары рентабельді дақылдар өндірісіне көшу, импортты алмастыру және суармалы жерлер алаңын біртіндеп арттыру міндеттерін орындауға мүмкіндік беретінін айтты. Сондықтан су үнемдеудің озық технологиялары мен заманауи жүйелерін енгізу – заман талабы.  

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаевтың баяндауынша, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін заманауи ылғал үнемдеу технологияларын қолдануға көшуге ынталандыру мақсатында жабдықтар сатып алуға, сондай-ақ барлық қажетті инфрақұрылымды жүргізуге жұмсалған шығындардың 50%-ын өтеуді көздейтін инвестициялық субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдауды жүзеге асырады. Оған қоса шығынның тағы 30 пайызы облыс бюджеті арқылы өтеледі. 

 Түркістан өңіріндегі аймақтарда су тапшылығын шешу үшін «Бәйдібек ата», «Қарақуыс»  су қоймаларының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ «Боралдай» және  «Иқан су» су қоймаларын салу жобалары әзірленген. Жобалар толық іске асқан жағдайда «Бөген» су қоймасына қосымша 120,3 млн. м3 ағын су жеткізіліп, Түркістан қаласы аумағындағы өңірлерде ағын су мәселесі шешімін табады.  

«Боралдай» су қоймасы Түркістан қаласы мен Ордабасы, Бәйдібек, Отырар, Сауран аудандарындағы 67 мың га жерді кепілді ағын сумен қамтамасыз ететін болады. Оның ішінде Отырар және Сауран аудандарында жаңадан 6000 гектар, Ордабасы ауданы Қажымұхан ауылдық округінде 630 гектар суармалы егістік алқаптары қосылады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында су үнемдеу мәселесі талқыланды
  • Түркістан облысының оқушысы ҰБТ-дан ең жоғары 140 ұпай жинады
  • Саясат Нұрбек Түркістан облысына келді
  • Денсаулық сақтау министрі Түркістан облысында медициналық мекемелердің жұмысымен танысты
  • Түркістанда Мархабат Байғұттың 80 жылдығына арналған халықапралық симпозиум өтеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер