Жетісай ауданын Жамантай Бейсенбаев басқарады

16_0.jpg

Түркістан облысындағы жаңадан құрылған Жетісай ауданының әкімі тағайындалды.  ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімі бойынша облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен бұл қызметті Жамантай Қанайұлы Бейсенбаев атқаратын болды. 

"Сіздерді жаңа Жетісай ауданының құрылғанымен құттықтаймын. Енді тың қарқынмен мемлекеттік бағдарламаларды сапалы түрде жүзеге асыруға жұмыс істеулеріңіз керек. Аудан әкіміне жүктелер ең басты үш тапсырма бар. Олар: саяси тұрақтылықты сақтау, аудан тұрғындарының бірлігін нығайту және экономикалық тұрақтылықты сақтай отырып өсімге қол жеткізу. Осы шаруалар сапалы орындалса, бәрі жақсы болады. Шекара маңында орналасқандықтан Жетісайдың стратегиялық маңызы өте жоғары. Даму мүмкіндігі де мол. Әсіресе, ауыл шаруашылығын жүйелеп дамытып, кәсіппен шұғылданамын деушілерге қолдау көрсетілсін. Атқарылатын шаруа өте көп. Іске сәт!", - деді аймақ басшысы.

Ж.Қ.Бейсенбаев 1958 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі ғалым агроном, заңгер. Еңбек жолын 1982 жылы Алматы облысы Қаскелен ауданы «Пригородный» кеңшарының аға агрономы ретінде бастаған. 

1984-2018 жылдары ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының Жетісай аудандық комитетінің хатшысы, «Красная звезда» кеңшарының партия комитетінің хатшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Мақтаарал ауданы ауылшаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, Мақтаарал ауданы Жетісай қаласының әкімі, Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары, облыс әкімінің кеңесшісі лауазымдарын атқарған. 

2018 жылдың сәуір айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының әкімі лауазымында қызмет етіп келді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемде бала туу көрсеткіші күрт төмендеді
  • Шерзат өліміне қатысты сот: Прокурор Абзал Шынасылға 23 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады
  • Рейтинг: Орталық Азиядағы ең әсем қала
  • Дархан Сатыбалды алматылықтарға үндеу жасады
  • Таразда құрылыс бөлімінің басшысы 4 жылға сотталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер