Мектеп директорына «сөгіс» түріндегі тәртіптік шара қолданылды

2c8c336465f9fd654d794cdfd621bc4f_resize_w_525_h_.jpg

Азаматтармен кері байланыс орнату мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қалалық Департаментінің memkyzmet.kz сайтында арнайы «Білім» айдары, сондай-ақ,  +7775 869 21 21 нөмірі бойынша WhatsApp мессенджер іске қосылған болатын. 

Осы орайда, азаматтардан білім қызметкерлеріне қатысты бірнеше шағымдар мен ұсыныстар түсуде. 

Келіп түскен шағымдардың бірі, Мақтарал ауданындағы М.Шоқай атындағы жалпы орта мектеп директорының іс-әрекетіне қатысты. 

Онда, жұмыс уақытында директордың жұмысқа келмейтіндігі және педагогикалық кеңеске қатыспағаны, лауазымдық қызметін пайдаланып дөрекі сөйлейтіні және тағы басқа мәселелер көрсетілген. 

Департамент жанындағы Арнайы мониторингтік топ мүшелерінің араласуымен аталған мәселе зерделеніп, нәтижесінде бірқатар кемшіліктер дәлелін тапты. 

Анықталған кемшіліктер қорытындысымен аудандық білім бөліміне ұсыныс беріліп, мектеп директорына «сөгіс» түріндегі тәртіптік шара қолданылды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер