ХҚКО-н қызмет алған мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті

Screenshot_2.jpg

Елбасының биылғы жылғы халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру бойынша жаңа міндеттер қойылды.

Осыған сәйкес, облыс әкімі 2017 жылдың 9 қарашасында өткізген «Әкімдік жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия» отырысында  «Мемлекеттік орган басшылары өз қарамағындағы және бағынысты мекемелердегі қызметкерлердің «е-gov» порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді алдағы уақытта электронды түрде алуын белсендіру жұмыстарын жүзеге асыру» тапсырған болатын.

Осы міндеттерді орындау барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аумақтық Департаменті электрондық үкімет порталы арқылы қызмет алу тәсілдері мен дағдыларын үйрету үшін ең алдымен, мемлекеттік қызметшілерге бірнеше  мастер-кластар өткізіп, 8 000-нан аса мемқызметшінің компьютеріне арнайы қадам-қадамымен түсіндірілген мемлекеттік және орыс тілінде дайындалған бейне және анимациялық роликтерді қондырып,  ақпараттық брошюролар таратты.

Бұдан бөлек, ЭЦҚ-ны интернетпен Online өтінім жіберу арқылы алу үрдісін сатылап көрсетілген түрдегі ақпарат Департаменттің memkyzmet.kz сайтына және мобильдік қосымшасына орналастырылды.   

Сондай-ақ, барлық аудан, қала әкімдіктерінде «Өзіне өзі қызмет ету» бұрыштары ашылды. 

Солай бола тұра, Департамент тарапынан жүргізілген талдау нәтижесінде жергілікті атқарушы органдардың кейбір қызметшілері әлі де ХҚКО барып, мемлекеттік қызметтерді алғандығы  анықталды. 

Алдағы уақытта осы олқылықтарды болдырмау мақсатында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өңірлік Департаменті 2018 жылдың 31 шілдесінде  аудан, қала әкімі аппараттары басшылары мен  ХҚКО-н қызмет алған мемлекеттік қызметшілерге мәжіліс өткізіп, қосымша үйрету жұмыстарын жүргізді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сән-салтанат салығының орнына қандай алым түрі енгізіледі — Жұманғарин жауабы
  • Анкарада 1 сәуірге дейін жаппай митингі өткізуге тыйым салынды
  • Аманжол Әлтай: Ұятсыз фильмдер көбейіп кетті
  • Мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы өсті
  • "EL ARNA" және "Хабар" телеарналары біріктірілетін болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер