Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

image.png

Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтарды тауып тәркіледі. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасаған  rgmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025 жылдың басынан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп қаруды іздестіру және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде 8 "Калашников" автоматы, 25 тапанша, 23 мылтық, 17 граната, әртүрлі калибрдегі 1521 оқ-дәрі табылды және тәркіленді. Көрсетілген қару-жарақтардың төртеуі Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғаны анықталды. Ведомстводағылар аталған фактілер бойынша тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатқанын айтады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы әріптестікті нығайтпақ
  • Түркістан облысында 45 рет жол ережесін бұзған жүргізуші 1,3 млн теңге айыппұлын төлемеген
  • Түркістанда ветеринария саласында 928 млн теңге жымқырылып, 4 адам қамауға алынды
  • БҰҰ Бас хатшысы Ливандағы бітімгершілік күштерінің жаралануын айыптады
  • Қазақстанда баланың туа біткен даму кемістіктерін анықтау 12,5%-ға артты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер