Ресейде ер адамдар азайып кеткен

image.png

Өткен жылы Ресейдегі жылдық инфляция 9,5%-ға жетті. Ал қазан айында Орталық банк базалық мөлшерлемені бірден 21 пайызға көтерген. Срапшылар мұндай жағдай 30 жылда бірінші рет тіркелгенін айтады. Бюджет шығынын жауып отыратын Ұлттық қор үш  жыл ішінде екі есе қысқарған.

Бюджет тапшылығы Ресейде 3.5 триллион рубльға жуықтаған. Мамандар қосымша экономикалық шектеулер жарияланса, рубль құнсыздануы мүмкін екенін айтуда. «Үкімет мүшелері, сарапшылар бірнеше жылдан кейін экономиканы таргеттеу инфляцияға әсер етпейтінін түсінді. Сондықтан Ұлттық банк қаржы нарығына байланысты жуық арада шешім қабылдайды деп ойлаймын», деді Ресей ғылым академиясы экономика институтының ғылыми қызметкері Аза Мигранян.

Экономиканың құлдырауы елде жұмыс күшінің жетіспеуімен де байланысты. Ресейде ер адамдардың саны азайып, еңбек мигранттарына шектеу күшейген. Сондықтан құрылыс, көлік қатынасы салалары ақсап тұр. Ал АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкция енгізсе, мұнай тасымалына біржолата шектеу қойылмақ. Үндістанның ең ірі мұнай өңдеушісі Үнді мұнай корпорациясы Ресей мұнайына балама іздеу қажеттілігін мәлімдеді. Енді Үндістан ОПЕК, АҚШ, Гайана және Бразилиядан мұнай тасымалын арттырмақ. 2024 жылы Ресейден бұл мемлекетке жеткізілетін мұнай көлемі 45 пайызға жеткен еді. «Бүгінгі күні экономикаға жауапты мамандардың алдында үлкен міндет тұр. Тығырықтан шығудың жолын, рубльді ұстап тұрудың амалын қарастыруымыз керек. Ресей ірі келісімшарттарды жоғалтып, логистика бұзылса, экономика үшін тиімсіз. Біз үшін маңызды елдермен әріптестік жалғасуы керек», деді экономика ғылымдарының кандидаты Александр Мельников. 

Мамандардың айтуынша, мұнай экспортының қысқаруы бюджет тапшылығына әкеп соқтырады. Бұл орталық банкті экономиканың басқа салаларына салық жүктемесін арттыруға мәжбүр етуі мүмкін. Экономистер ақпан айында бір доллар 110 рубльге жететінін мәлімдеді. Яғни инфляция да 10 пайыздан асады деген болжам бар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ресейде ер адамдар азайып кеткен
  • Елімізде қайтарылған қаржыға 63 мектеп салынды
  • Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
  • Енді әскерилер бауырсақ жейді
  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер