Қазақстанда екі жылда 80 ауыл жойылып кеткен

image.png

Қазақстанда ауылдардың азайып бара жатқаны депуттарды алаңдатты. Мәжілісте ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел барысында депутат Жигули Дайрабаев кейінгі екі жылда Қазақстан картасынан 80 ауыл жойылып кеткенін айтты деп хабарлайды  Rgmedia.kz тілшісі. 

Мәжіліс депутаты ресми деректерге сүйене отырып, былтырғы 1 қазанда Қазақстан халқының 37,2 пайызы ауылдық жерлерде тұрғылықты тұрғанын айтты.

"Жыл сайын бұл көрсеткіш төмендеп бара жатыр. Бүгінде Қазақстанда 6208 ауыл бар, ал 2023 жылы олардың саны 6286 болған. Осылайша бар болғаны екі жыл ішінде 80 ауыл жойылды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр ауылдардағы көші-қон сальдосы минус 111 400 адам болған", – деді Дайрабаев.

Депутаттың айтуынша, бұл - кейінгі 25 жылдағы ең төменгі көрсеткіш.

"Алматы және Атырау облыстарын қоспағанда, барлық өңірде көші-қон сальдосы нөлден төмен. Әсіресе, Түркістан облысындағы жағдай алаңдаушылық тудырады, бұл өңірден 29,2 мың адам көшіп кеткен", – деді мәжілісмен.

Айта кетейік, 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 6208 ауылдық елді мекен бар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте батыр аналарға 5 АЕК мөлшерінде ақша төленеді
  • Қазақстанда екі жылда 80 ауыл жойылып кеткен
  • "Жомарт" кенішіндегі апат: Газ жарылған
  • Түркістан облысында 5 білім беру ұйымы жұмысын тоқтатты
  • Өзбекстанда кітап оқыған тұтқынның жаза мерзімі қысқарады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер