Сән-салтанат салығының орнына қандай алым түрі енгізіледі — Жұманғарин жауабы

image.png

Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин сән-салтанат салынығының орнына неліктен жаңа алым енгізілетінін түсіндірді деп жазады ҚазАқпарат.

Бүгін Ақордада БАҚ өкілдері вице-премьерден: «Серік Мақашұлы, ведомствоңыз сән-салтанат салығын енгізуден айнып, ал сіз неліктен алкоголь, жылжымайтын мүлік, көлік сынды жекелеген тауарға салық салуға шешім қабылдадыңыз?» — деп сұраған еді,.

Осы орайда вице-премьер сән-салтанаттың не екендігін сауатты түрде анықтап алу керектігін баса айтты.

— Егер сіздің барлық жылжымайтын мүлкіңіздің жалпы сомасы 450 млн-нан асса, онда қателеспесем базалық мөлшерлеме жылына 3 млн теңге болады, бұған қоса артық сомаға 2 пайыз бар. Одан кейін, егер машина 75 млн теңге болса, сондай-ақ қымбат алкогольге, қымбат сигараға жоғары мөлшерлеме төлейсің. Сіздің ойыңызша, басқа не сән-салтанат болмақ. Мен тіпті білмеймін де, — деді ол.

Серік Жұманғарин сән-салтанатқа қатысты нақты түсінік болмаған жағдайда кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін екендігін атап өте келе, бұл сөзінің асыра сілтеушілік екендігін де жасырған жоқ.

— Әрине, мен асыра сілтеп отырмын. Бұл жерде кінәлі не кінәсіз жоқ. Дегенмен, біреулерге теріс салық салыну мүмкін, — деді вице-премьер.

Бұған дейін Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин Сенатта өткен дөңгелек үстелден кейін өткен баспасөз мәслихатында Мәжілісте жатқан Салық кодексінің жаңа редакциясында сән-салтанат салығы қалай есептелетінін айтқан еді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сән-салтанат салығының орнына қандай алым түрі енгізіледі — Жұманғарин жауабы
  • Анкарада 1 сәуірге дейін жаппай митингі өткізуге тыйым салынды
  • Аманжол Әлтай: Ұятсыз фильмдер көбейіп кетті
  • Мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы өсті
  • "EL ARNA" және "Хабар" телеарналары біріктірілетін болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер