Президент Оңтүстік Африка Республикасын Бостандық күнімен құттықтады

image.png 

Мемлекет басшысы Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирил Рамафоса мен оның отандастарын ұлттық мейрам — Бостандық күнімен құттықтады.

— Мемлекет басшысы ОАР-дың саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыған ел екенін, бүгінде халықаралық қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналғанын атап өтті. Сондай-ақ алдағы уақытта екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді. Президент жеделхатта Сирил Рамафосаның жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал Оңтүстік Африка Республикасының халқына бақ-береке тіледі, — делінген Ақорда таратқан ақпаратта.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • БҰҰ Бас хатшысы Ливандағы бітімгершілік күштерінің жаралануын айыптады
  • Қазақстанда баланың туа біткен даму кемістіктерін анықтау 12,5%-ға артты
  • Дін мемлекеттен бөлек — Конституция жобасы
  • Танымал блогерлер ескертуден кейін қосымша 18,2 млрд теңге табысын декларациялады — МКК
  • Ауыл мен қалаға бірдей интернет: Үкімет инфрақұрылымды күшейтпек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер