Мемлекеттік қызметшілерге "Time management" ұғымы түсіндірілді

3.jpg

Өткен жылдың басында Мемлекет басшысымен қоғамның көзқарасын жаңғыртуға бағытталған «Рухани жаңғыру» атты бағдарламасына бастамашылық жасалды.

Бағдарлама аясында алты кіші бағдарламалар айқындалып, «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын үйлестіру ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жүктелді.

Кіші бағдарламаның мақсаты - Мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық мәдениетін жетілдіру және мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының моделін өзгерту.

Өз кезегінде, өңірдегі қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық өкілдері тарапынан мемлекеттік қызметшілер арасынан Жобалық менеджерлердің кандидатуралар айқындалып, Жобалық менеджерлерге өз құзыреттіліктерін дамыту үшін «Time management» және «Project management» тақырыптарында семинар ұйымдастырылды.

Семинардың өтуіне ұйытқы болған Агенттіктің өңірдегі департаменті және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының филиалы.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілер уақытты тиімді пайдалану және жобаларды басқару негіздерімен танысып, алған білімі мен дағдыларын өз жұмысының тиімділігін арттыру үшін қолданатын болады деп күтілуде. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Танымал блогерлер ескертуден кейін қосымша 18,2 млрд теңге табысын декларациялады — МКК
  • Ауыл мен қалаға бірдей интернет: Үкімет инфрақұрылымды күшейтпек
  • СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер