Ұлтжанды ақын Абай Құнанбаевқа табына беруді доғару керектігін айтты

1494617345_yubiley.jpg

Қазақ қоғамында ұлт, тіл, дін, ділге қатысты қордаланған мәселелер жөнінде пікір білдіріп, қалам тербеп жүрген ақын Мырзан Кенжебаймен құлдық сана, тілдің шұбарлануы, қазақ тілінің мүшкіл халі жөнінде qamshy.kz порталының тілшісі сұхбаттасқан екен. Біз сол сұхбаттан үзінді келтіре кетуді жөн көрдік.

— Тобырлық мәдениет мәселесін де көп көтересіз, қазақ жұртын ұлттық мәдениетке қалай баули аламыз?

— Әдебиетте солай азғындады. Кім көрінген мемлекеттік сыйлықты алады. Біреу жасы келгенін айтып сыйлықты алып жатыр. Сыйлық деген адамның жасына, ауруына, ер баланың жоқтығына берілетін сыйлық емес.

Нұрлан Оразалин Жазушылар Одағының басшысы болып тұрған тұста бір күнде 40 адамға «Алаш сыйлығы» берілді.

Осының бәрін билік басындағылар көріп отыр. Тобырлық мәдениетте өмір сүріп жатқан халықты басқару оңай. Ұрпағының ана тілінен айырылып жатқаны, жерімізден, байлығымыздан айырылып жатқанымыз, келер ұрпақ әркімнің құлы секілді өмір сүреді дегенді ойламай, Қайрат Нұртасқа, Ернар Айдарға тойында ән айтқызып жүргеніне мәз. Надан халықты билеу, басқару оңай.

Көкке көтеріп отырған Абайымыз орыстың қазақтарға көрсеткен езгісіне куә болды. Орыстар тілімізді дінімізді бұзды, жер-жайлауымызды тартып алып жатты, қорлықтың көкесін көрсетті. Абай ол уақытта болыс, әкесі сұлтан болды. Абайдың заманында отаршылық саясаттың шырқау шыңына жеткен шағы еді. Қазақтың әбден орыстың табанының астына түскен кезі. Абай соның бәрін көзбен көрді, бірақ Абайдың бір өлеңінде немесе қара сөзінде орыстың отаршылық саясатты жүргізіп отырғаны, қазақты тілінен, жерінен айырып жатқаны туралы бір ауыз сөз жоқ.

Абай өлгеннен бері жер, су, климат, ауа-райы, табиғат, адамның психологиясы, мемлекеттік құрылыс өзгерді. Бірақ әлі күнге дейін Абайды аспандап жүргеніміз дамудың жоқтығы. 1904 жылы қайтыс болған адамға табына беруге болмайды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында 250-ден астам дәрігер жетіспейді
  • Түркістан облысында диқандар мақтаның орнына күріш еккен
  • Нәрестесін пойыздан лақтырып жіберген әйелге мәжбүрлі ем тағайындалды
  • Президент МӘМС туралы заңға түзету енгізді
  • Бес жылда 40 тан астам жаңа су қоймасы салынбақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер