Әйгілі қазақ ақыны ұяттан "жұрдай" Айқынды, А.Қоразбаевты, Қ.Әбілдиналарды қатаң сынға алды

Снимок.JPG

Қазақ қоғамында ұлт, тіл, дін, ділге қатысты қордаланған мәселелер жөнінде пікір білдіріп, қалам тербеп жүрген ақын Мырзан Кенжебаймен құлдық сана, тілдің шұбарлануы, қазақ тілінің мүшкіл халі жөнінде qamshy.kz порталының тілшісі сұхбаттасқан екен. Біз сол сұхбаттан үзінді келтіре кетуді жөн көрдік.

— Тобырлық мәдениет мәселесін де көп көтересіз, қазақ жұртын ұлттық мәдениетке қалай баули аламыз?

— Халықтың қарнын тойдырып, ойын-сауықты көрсете берсең болды. Мұндай жағдайда ұлттың намысына, болашағына қатысты мәселелерді ойламайды. Бұл халықты санасыз қылудың ең қорқынышты саясаты. 27 жылдан бері осындай саясат жүріп келе жатыр. Телеарнаны қашан көрсең де ойын-сауық, әзіл-қалжыңды көрсетіп жатады. Телебағдарламалардың дені «Жұлдыздар жайнайды», «Жұлдыздар жекпе-жегі» дегенге саяды.

Ал әндердің сөздері ол бір әңгімеге арқау болатын тақырып. Мен де ақынмын. Кезінде арақты көп ішкендердің бірі менмін. Ішіп отырып жазған өлеңдерімді кейін оқысам, мас адамның сөзі екені көрініп тұр. Кей жерлерінде логика жоқ. Қазіргі әншілердің көбі айтып жүрген әндерінің сөзіне мән берсеңіз, психикалық ауытқуы бар немесе мас адамның жазғаны секілді.

Айқын Төлепберген Мұхтар Шахановтың «Көрші ауылдың баласына айырбастап кеттің мені» деген жолдарды алып, сәл өзгертіп айтып жүр. Ұятты қойған, ар-намыс жоқ.

Жерлеуге байланысты да айтып өтейін. Жанбасы жерге енді тигелі тұрған адамға арнап өлең оқиды. Бұл не деген өрескелдік, көргенсіздік? Ол қай мұсылманда бар?

Баяғыда КСРО кезінде коммунист қайтыс болғанда екі жақты сапқа қатар-қатар тұратын. Білегіне қызыл шүберек байлап сапқа тұрады. Сол құлдық санадан арыла алмай жүргендер өзгерткендей болып, қызыл шүберекті көкке алмастырып алыпты. Адам өліп жатқанда Батыстың музыкасын қояды. Оның орнына Қазанғаптың күңіренген күйлері бар. Жатқан философия. Құрманғазының «Кішкентай»  деген күйі бар. Соларды неге қоймасқа?

Екінші, бітпейтін той. Көңіліне келіп, жүрегі жарылып кетсе де айтайын. Тойда қалталарына 5, 10 мың долларларлап ақша салып жүргіндеріміз әнші емес..

«Ең күшті композитор кім?» десе Алтынбек Қоразбаев дейді. Кеңес Дүйсекеев деген классик композитор ғой. Оның «Қарағым-ай» деген әнінің өзі неге тұрады?! Алтынбек Қоразбаев не әнші емес, не күйші емес.

Қазақтар Толқын Забировадан көрі Қарақатты артық көреді. Толқын Забирова кім? Қарақат кім?

Қазақтар Дінмұхаммед Құдайбергеннен гөрі Нұрлан Еспановты тыңдайды. Нұрлан Еспанов бір сөзінде «500-дей әнім бар» дейді. Мен ҚазҰУ-де ансамбльде ойнаған адаммын. Музыкадан хабарым бар. Еспанның бірде бір әнін білмеймін. Дінмұхаммедтен гөрі соны жақсы әнші деп айтатындар бар.

Әлішер Кәрімовті Ұлықпан Жолдасовтан артық көреді. Қазақтың өнерінің бетке ұстарлары осылар болды.

(Толығырақ Қамшы.кз сайтында)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер