ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, сондай-ақ Сыртқы істер және Инвестициялар және даму министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ел экономикасына инвестициялардың келуін жеңілдету, бюрократия тәртіптерін және сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау мақсатында «Protecting Business and Investments» жобасын жүзеге асыруда.
Бүгінгі таңда бизнесті қорғау, қолайлы инвестициалық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету Агенттіктің және оның аумақтық департаменттерінің басымды бағыттарының бірі болып табылуда.
Аталмыш Жобаға қатысуға ниет білдірген алғашқы кәсіпорындар қатарында Түркістан қаласында орналасқан «Golden Camel Group LTD» ЖШС.
Кәсіпорынмен Инвестициялық жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге салтанатты түрде 24 тамызда Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев және серіктестіктің директоры Янг Джи қол қойды.
Инвестицияның сомасы 22 млн. долларды құрап отыр.
Сондай-ақ, аталған іс-шараға Кәсіпкерлер палатасының Түркістан қаласындағы филиалының басшысы, «Kazakh invest» филиалының басшысы, облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, Түркістан қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі басшысының м.а. және кәсіпкерлер қатысты.
Департамент басшысы Ғалым Сұлтанұлы өз сөзінде облыстың бірқатар кәсіпкерлеріне Жобаны таныстырып, Жобаға қатысуға қызығушылық танытқан инвесторларға Қазақстан аумағында аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат сыбайлас жемқорлық деректерінен 100 % қорғауға кепілдік берілетіндігін жеткізді.
Өз кезегінде, «Golden Camel Group LTD» ЖШС директоры бизнесті қорғау, оларға қолайлы инвестициалық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету бойынша жасалып жатқан ауқымды жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара соңында инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге кез келген инвесторлардың қол қою мүмкіндіктері бар екендігі жиналған кәсіпкерлер мен инвесторлар назарына жеткізілді.