Марат Оразәлі - басқарма басшысы міндетін атқарушы болып тағайындалды

Screenshot_2.jpg

Шымкент қаласының тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Марат Оразәлі тағайындалды. Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Марат Оразәлі 1972 жылы ОҚО-да дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 1993 жылы шаруа қожалығының меңгерушісі, кейіннен ҚР ОҚО шетелдік инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінің бас маманы болып бастаған.

1995-1996 жж - ОҚО туризм және спорт басқармасының жетекші, кейіннен бас маманы.

1996-1998 жылдары - ОҚО әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімінің кеңесші-инспекторы. Бұған қоса ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде тәжірибесі бар.

Соңғы уақытқа дейін Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департамент басшысының орынбасары - тәртіптік кеңестің төрағасы лауазымын атқарып келді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • АҚШ Гренландияның әр тұрғынына 100 мың доллар төлеп, аралды сатып алмақ
  • БЖЗҚ-дан заңсыз 200 млрд теңге шығарған 42 стоматологиялық клиника тергеліп жатыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер