Мыңға жуық медбикенің жалақысы көтеріледі

monitoring7.jpg

Медициналық жәрдемді дамыту мен медицина қызметкерлерінің өмірін жақсарту басты басымдықтардың бірі. Бұл туралы Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев Президент Жолдауын түсіндіру бойынша халықпен

«Жалақыны көбейту 588 учаскелік дәрігер мен 1000-ға жуық медбикеге қатысты. Сонымен қатар, оларды жұмыстың жаңа әдісімен оқытуды 2019 жылдың соңына дейін 100 % жеткізу жоспарлануда. Бұл медициналық жәрдемнің сапасын жақсартып, асқынулардың және негізгі ауруларды госпитализациялаудың санын азайтады, сонымен бірге балалар мен жүкті әйелдердің патронажын сапалы етеді», - деді Ермек Аманшаев.

Бұдан бөлек, «Доктор у дома» МЖӘ шеңберінде «Жағалау», «Триумфальная арка», «Айнакөл», «Өндіріс» тұрғын алаптарынан, «Интернациональный» кентінен 5 емхана ашу жоспарланған.

«Бұл емханаға кезекке тұруды жеңілдетеді және де жалпы практикадағы дәрігерге қаралатын 1700-1800-ге дейін адамның жүктемесін төмендетіп, көрсетілетін қызметтің сапасын айтарлықтай жақсарта түседі», - деді қала әкімінің орынбасары.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін жалпы практикалық дәрігерлік 48 жаңа учаске ашу жоспарланған. Сондай-ақ алғашқы медициналық санитарлық көмек азаматтарға қолжетімді бола түседі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында кеурек өсімдігін қазған 68 шетелдік анықталды
  • Қуандық Бишімбаевқа түрмеде әлі жұмыс табылмаған
  • Қазақстандықтардың орташа жасы – 32,3 жас
  • Президент қазақстандықтарды Судья және сот қызметкері күнімен құттықтады
  • Министр Назарбаев университетінде қайтыс болған қызға байланысты пікір білдірді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер