Канадада оқитын қазақ қызы жастар неге Қазақстаннан қашып жатқанын айтты

Screenshot_1.jpg

Канадалықтар болашағын ойлап уайымдамайды. Олар бүгінгі күнмен өмір сүреді. Ал, Қазақстанда халықта уайым бар. Ертеңгі күніне қатты алаңдайды. Бұл туралы Канадада оқып, жұмыс істеп жүрген Дана есімді бойжеткен  ZTB.kz сайтына берген сұхбатында айтқан. 

- Оқумен түрлі елдерде болдым. Бірақ Торонто маған ерекше ұнады. Сол себепті студенттік жылдарымды осында өткізуді шештім, - дейді Дана.  Ол Канадаға 2013 жылы мектеп бітіре сала кеткен. Қазір ол Bachelor of Hospitality Business Management деген жердегі George Brown College мекемесінде білім алуда.

Қазақстанға Канаданың саясаты мен экономикасына жету қайда?

«Канадалықтар өз болашағына еш алаңдамайды. Ал Қазақстанда ертең не болатынын білмейсің: тағы бір девальвация бола ма, кризис бола ма, деп шошып жүресің.

Қазақстан әлі жас мемлекет қой, дегенмен Канадаға жету үшін әлі тым алыс бізге. Туған елім де Канада сияқты дамитын шығар деген үміттен басқа не дейін?».

Дананың пікірінше, біздің халық тұрақтылық іздеу үшін Қазақстаннан кетіп жатыр.

«Көптеген отандастарымыз ертеңгі күніне алаңдамай, жайлы өмір сүру үшін дамыған елдерге көшуде. Бірақ көшіп кеткен енді біреулер өзге елде қу жанын әрең бағып жүр. Енді біреулер шетелден тәжірибе жинап келіп, Қазақстанға қайта оралып жатыр».

Дана Қазақстанға қашан қайтады?

«Алдымен осы жерде оқуымды бітіріп, мейманхана бизнесі саласында тәжірибе жинағым келеді. Арғы болашағымды болжағым келмейді. Қазақстан туған жерім ғой, одан қалай бас тартамын? Отанымды сүйемін, туған-туыстарыма келіп тұрамын, тіпті ұшақ Қазақстанға қона салысымен өзімді өзгеше сезінемін. Канадада жүргенде кейде өзімді «бөтен» сезінемін, бірақ Канада онсыз да иммигранттар елі емес пе, мұнда бәрі мен сияқты бөтендер».

Канада Дананы қалай өзгертті?

«Бөтен елде студент болу – өзіңе мықты болуды үйретеді. Қазақстанда әке-шешеме көбірек иек артып, өмірді онша түсінбеппін. Ал бөтен елде ересек өмірге күрт кірістім, өзім де көп өзгердім: түсінігім, мінезім, жүріс-тұрыс, тәртібім өзгерді».

Дана қазір бір қонақ үйде жұмыс істейді. Әдемі қызды көрген еркек кіндіктілер оның қайдан келгенін сұрап, маза бермейді екен.

«Мендей ұзын бойлы, түрі келісті азиат қызды көргенде қызығып кетеді. Мен өйткені қытай/жапон/корей қыздарына ұқсамаймын, әрі орысша еркін сөйлеймін. Қай елден келгенімді білмей дал болады. Қазақстан десем, білмейді ешкім ондай елді. Әлемде территориясы бойынша 9-шы орындағы мемлекетті білмейді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер