Суықта дірдектеген көп балалы ана көмек сұрайды

Screenshot_1.jpg

Фото: Rgmedia.kz

Бүгін "Нұр Отан" партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауда 10 тұрғын арыз-шағымдарын жеткізді. Соның бірі - Жанна Мырзақұлова, деп хабарлайды Rgmedia.kz порталының тілшісі.  

Ол - көпбалалы жұмыссыз ана. Қыс болса қылышын сүйретіп келеді, ал Жанна Берікбайқызы не істерін білмейді. Ол Қаратау ауданы, Тұран шағын ауданында жылуы жоқ жатақханада тұрыпты. Бірақ, оны әкімдік қызметкерлері "кет, кет" деп шаршатқан. Жанна олармен әлі күнге дейін күресіп келеді. 1 жылдай жатақхананың тар 1 бөлмесінде 4 баласымен бірге қысылып-қымтырылып тұрған. Жатақханада ешқандай жағдай жасалмаған. Шомылатын жері жоқ. Газ жоқ. Жұрт газ баллонды пайдаланып отыр. Ал, бұның өте қауіпті екені айтпаса да түсінікті. Қысқасы, бұл жатақханада өмір сүру - көп балалы ана үшін мүмкін болмай кеткен.

Арызданушының айтуынша, ол қазір сауда істеп, күн көріп жүр. Жатақхананың суығына шыдамай, пәтерге шығыпты. Айына 15 мың теңгені әзер төлеп жүр. Ең кішкентайы 3-те. Ал, 12 жастан асқан үлкен ұлы ауру.  Жанна Берікбайқызының сұрайтыны - жағдайы жасалған жатақханадан 2 бөлмелі жай. 

Screenshot_3.jpg

Фото: Rgmedia.kz

Оны мұқият тыңдаған Бахадыр Нарымбетов: 

- Бізде кризистік орталық ашылған. Мұнда көпбалалы, үй-күйсіз аналар мәселесін шешеді. Сіз секілді қиын жағдайға түскен аналарға көмектеседі. Сізді кризистік орталыққа орналастырамыз. Қаратау ауданы әкімдігіне хабарласыңыз. Оларға айтып қоямыз. Және мен бірнеше үкіметтік емес ұйымдарға сіздің телефон нөміріңізді беремін. Оларға да айтамыз. Сізге хабарласады, - деп Жанна Берікбайқызының бала-шағасын балабақша, мектептерге орналастырып, анаға жұмыс тауып беруге көмектесетіні жөнінде уәде берді. Оның мәселесі тез шешімін табу үшін тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер