Жемқорлар көп істейтін жұмыс түрі белгілі болды

Screenshot_2.jpg

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, жемқорлық әрекетіне баратындардың көбі полиция, салық органдары, әкімдік қызметкерлері және депутаттар екен. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Биылғы жылдың 10 айында барлығы 2361 қылмыстық іс тіркелген болса, оның 73 пайызы пара алу мен ақша жымқыру істері бойынша екен. 

Құқық бұзушылардың көпшілігі әкімдік қызметте, ішкі істер органдарында және мемлекеттік кірістер департаменттерінде істейтін қызметкерлер.

2018 жылдың қаңтарынан бастап 35 әкім мен олардың орынбасарлары қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Соның ішінде 23 тұлға ауыл әкімі, қалған бесеуі қала, алтауы аудан және біреуі облыс әкімі екен.

Тіпті жергілікті мәслихат депутаттары да жемқорлыққа жақын болып шыққан.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры бұған қатысты пікір білдірді.

"Ал енді мынау депутаттарға да тірелген біраз мәселелер бар. Соңғы үш жылмен алатын болсақ, жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілікке 19 мәслихат депутаты тартылған екен. Соның ішінде тоғызы облыстық, төртеуі қалалық және алтауы аудандық мәслихат депутаттары", - деді Арман Бердалин.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер