Жапондарда калиграфия деген өнер бар. Бұл әдемі жазу деген сөз.
Әдемі жазу кімге керек деп қазақ оны түсінбейді. Есесіне бізде айтыс өнері бар. Біз кейде мақтанамыз, айтыс қазақта ғана бар, басқа ешкімде жоқ деп. Неге ешкімде жоқ. Өйткені ол ешкімге керек емес.
Бұдан шығатын қорытынды әркімнің менталитеті, сана-сезімі, әдет-ғұрпы бөлек болады. Анаған-мынаған далақтай берудің де қажеті жоқ. Абайдың сөзі бар тағы да.
Ақсақал айтты, бай айтты. Кім болса мейлі, сол айтты. Ақылменен жеңсеңіз дейді. Мінекей, біз осы сөзді ұмытпауға тиіспіз. Анау айтыпты, мынау бүй депті деп, анадан бір жұлқып, мынадан бір жұлқудың керегі жоқ.
Сіз өзіңіздің әніңізді, күйіңізді сақтаңыз. Сіз жеті атаңызды білу дәстүрін дәріптеңіз. Осының барлығын сақтай отыра, жаңа заманға бейімделіп, технократтық елге айналыңыз. Сонда ғана қазақтың болашағы болады.
Асқар ЖҰМАДІЛДАЕВ, ғалым
newsasia.kz сайтына берген сұхбатынан