Тимур Құлыбаев жаңа қызметке сайланды

Screenshot_2.jpg

Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің басшысы Тимур Құлыбаев 2018-2022 жылдар аралағына Ұлттық олимпиадалық комитеттер қауымдастығының Атқарушы комитетіне мүше болып сайланды, деп хабарлады Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі. 

Токиодағы Ұлттық олимпиадалық комитеттер қауымдастығының (ҰОКҚ) Бас ассамблеясында әлемдегі 206 ҰОК арасынан кандидаттар қаралды.

Айта кету керек, Тимур Құлыбаев Азия Олимпиадалық Кеңесінің вице-президенті қызметін де атқарады.

28-29 қарашада Жапония астанасында жалпы саны екі жүзден астам елдің Ұлттық олимпиадалық комитеттерінің басшылары, әлемдік спорт ұйымдарының басшылары мен халықаралық спорт федерацияларының президенттері кездесті. Спорттық форумға жалпы саны 1400-ден аса адам қатысты. Бұл осы жиынның тарихындағы рекордтық көрсеткіш. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттер қауымдастығы (ҰОКҚ) қазіргі уақытта 206 ұлттық олимпиадалық комитеттің басын біріктіреді, ұйымды Халықаралық Олимпиада комитеті мойындаған.

Қауымдастық 5 құрлықтық бірлестікке бөлінеді – Африка, Америка, Азия, Еуропа және Океания. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дін мемлекеттен бөлек — Конституция жобасы
  • Танымал блогерлер ескертуден кейін қосымша 18,2 млрд теңге табысын декларациялады — МКК
  • Ауыл мен қалаға бірдей интернет: Үкімет инфрақұрылымды күшейтпек
  • СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер