Болатхан Сағымбеков - үздік дәрігер!

Screenshot_2.jpg

«Қазақстан» РТРК» АҚ Оңтүстік филиалы мен Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасы бірлесіп ұйымдастырған «Үздік дәрігер» байқауы өз мәресіне жетті. Екі аптаға созылған байқауда 62636 айқын дауыспен Облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері Болатхан Сағымбеков үздік атанды. Бұл жөнінде "Оңтүстік" телеарнасы хабарлайды. 

Болатхан Салыбекұлы бар саналы ғұмырын медицинаға арнаған азамат. Антына адал, уәдесіне берік дәрігер екенін оның емінің шипасын көрген жандар дәлелдейді. Ол қашанда өз ісіне зор жауапкершілікпен қарайды. Жұмысқа деген ебінің, білімі мен қарымының арқасында көптеген жерде басшылық қызметтер атқарды. Жүрген жерінде халқына адал қызмет жасап, "қарғыс алма, алғыс ал" қағидасын ұстанып, абыройға бөлене білді. Соның айтқын дәлелі, онлайн дауыс беру кезеңінде Болатхан Салыбекұлы әріптестерінен оқ бойы озық шықты. Облыс жұртшылығы Болатхан Салыбекұлын аттай қалады. Бұл да болса ел сеніміне ие болуының себебі. Бүгінде облыстық туберкулезге қарсы диспансерді басқарып отыр.  

Screenshot_1.jpg

Болатхан Сағымбеков — медицина ғылымдарының кандидаты, 2001 жылы «Қазақстан Республикасының 10 жылдығына орай» Қазақстан Республикасының Президентінің алғыс хаты, 2002 жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі, 2008 жылы – Қазақстан Республикасы Президентінің Мақтау қағазы, 2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің грамотасы, 2011 жылы «Медицина қызметкерлері» күніне орай Оңтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының алғыс хаты, 2015 жылы – «Оңтүстік Қазақстан облысына сіңірген еңбегі үшін» медалінің иегері.

Біз Болатхан Сағымбековты үздік дәрігер атануымен шын жүректен құтттықтаймыз!

"Рейтинг" газеті

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер