Шекарашылар заңсыз тауарларға тосқауыл болды

99b1adce9daf99518b3c47bd74b781fd_resize_w_520_h_.jpg

Шекарашылар 180 литрден астам алкоголь заттарының заңсыз кіруіне, елімізден 400 кг жуық балық пен тағы басқа да халық тұтынатын тауарлардың заңсыз шығуына тосқауыл болды, деп мәлімдеді ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Оңтүстік шекараның Қордай шекара отрядына қарасты «Қордай-авто» өткізу бөлімшесінде шекара наряды сағат 15.30 шамасында көрші мемлекеттен келе жатқан 29 жастағы қазақстандықтан 0,7 литрлік 48 шөлмектегі (жалпы көлемі – 33,6 л.) коньяк, әрқайсысы 1,5 литрлік 36 шөлмекте (87,6 литр) сыра; сағат 18.00 шамасында 21 жастағы Қазақстан азаматынан 0,5 литрлік 60 шөлмек (30 литр) арақ; сағат 22:00 шамасында «Қарасу-авто» бөлімшесінде 43 жастағы қырғызстандықтан 0,7 литрлік 48 шөлмек (33,6 литр) арақ тәркілеп, актімен Жамбыл облыстық Мемлекеттік кіріс басқармасына тапсырды.

Тағы да сол «Қордай-авто» бөлімшесінің шекара наряды бүгін, сағат 1-лер шамасында біздің елден шығып бара жатқан 36 жастағы қырғызстандықтың Тойота грания (минивэн) автокөлігінен ешқандай рұқсат қағазсыз, жалпы салмағы 400 кг тартатын 19 қап балық, 400 литрлік 2 бөшкедегі касторка майын, әртүрлі көлемдегі 90 қорап медициналық заттар мен қазақстанда жасалған дәрі-дәрмектерді анықтады. Алынған заттар да актіленіп, Жамбыл облыстық Мемлекеттік кіріс басқармасына тапсырылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында кеурек өсімдігін қазған 68 шетелдік анықталды
  • Қуандық Бишімбаевқа түрмеде әлі жұмыс табылмаған
  • Қазақстандықтардың орташа жасы – 32,3 жас
  • Президент қазақстандықтарды Судья және сот қызметкері күнімен құттықтады
  • Министр Назарбаев университетінде қайтыс болған қызға байланысты пікір білдірді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер