Тәуелсіздік күніне орай облыс орталығында саябақ ашылды

whatsapp_image_2018-12-15_at_11.28.50.jpeg

Еліміздің Тәуелсіздігінің 27 жылдығы қарсаңында Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласында жаңа саябақ ел игіліне тапсырылды. Қаланың Кентау бағытынан кіре берісінен 14 гектар жерге орналасқан «Парасат» саябағының  құрылысы 2018 жылдың тамыз айында басталып, желтоқсан айында пайдалануға беріліп отыр. Демалыс аймағының құрылыс монтаж жұмыстарына 260 млн. 742,92 мың.теңге қаржы бөлінген. Құрылысты «Түркістан жарық тазалық» ЖШС мекемесі жүргізген.

Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қала тұрғындарын жаңа демалыс аймағының ашылуымен құттықтады.

«Түркістан – облыс орталығы ретінде күннен күнге көркейіп, абаттанып келеді. Алдағы уақытта жаңа қала бой көтеретін болады. Түркістан – рухани әрі мәдени, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дамыған шаһарға айналмақ. Міне, бүгін Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ашылып отырған саябақ облыс орталығы тұрғындарының сүйікті демалыс аймақтарының біріне айналады деп ойлаймын. Егемендігіміз еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Саябақ абаттандырылып, архитектуралық құрылысы жағынан соңғы үлгіде жасақталған. Ондағы орнатылған жарық бағаналары мен аркалар, смарт орындықтар, субұрқақтар мен тренажерлік аспаптар, теннис, футбол, баскетбол алаңшалары мен веложолдар және концерт алаңы демалушыларға қолайлы жағдай туғызатын болады. Саябақты сумен қамтамасыз ету жүйесі толығымен автоматтандырылған.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер